astana-view

ЕЭК өкілдері Астанада кәсіпкерлермен кездеседі

2023 жылғы 02 Мамыр
5203 просмотров

15 мамыр сағат 12.00-де «Атамекен» ҰКП алаңында Еуразиялық экономикалық комиссияның бәсекелестік және монополияға қарсы реттеу жөніндегі блоктың отандық кәсіпкерлерді  қоғамдық қабылдауы өтеді.

Іс-шараға ЕЭК министрі Бақыт Сұлтанов, Қазақстан Республикасы Бәсекелестікті қорғау және дамыту агенттігі, ҚР Сауда және интеграция министрлігі, бизнес-қоғамдастықтың өкілдері және БҚДА жанындағы кедергілер жөніндегі кеңес мүшелері қатысады.

Кездесу барысында ЕАЭО трансшекаралық нарығында бәсекелестіктің жалпы қағидаларын және олардың сақталуын бақылау, ЕЭК пен ұлттық бәсекелес ведомстволардың өкілеттіктерін саралау, сондай-ақ ЕАЭО-ға мүше мемлекеттердің мемлекеттік сатып алуына қатысу мәселелерін талқылау жоспарланған.

Қоғамдық қабылдау қатысушыларымен мына мәселелер бойынша пікірталас өтеді:

- нарықты трансшекаралық нарыққа жатқызу, нарықтың трансшекаралық өлшемшарттарын белгілеу;

-ЕАЭО-ның шаруашылық жүргізуші субъектілері тарапынан трансшекаралық нарықтағы бұзушылықтар фактілері бойынша, оның ішінде жосықсыз бәсекелестік, үстем жағдайды теріс пайдалану, ЕАЭО трансшекаралық нарығындағы тікелей және көлденең келісімдер мәселелері бойынша ЕЭК-ке жүгіну;

- үшінші елдердің шаруашылық жүргізуші субъектілерінің ЕАЭО трансшекаралық нарығындағы бәсекелестіктің жалпы ережелерін бұзуы;

-  ЕАЭО сауда желілеріне қолжетімділіктің тең емес шарттары;

- ЕАЭО трансшекаралық нарықтарына шығу кедергілері;

- ЕАЭО-ға мүше мемлекеттердің мемлекеттік сатып алуға қатысуына кедергілер туралы;

- ЕАЭО трансшекаралық нарықтарындағы бәсекелестіктің жалпы қағидаттарын қамтамасыз етудің өзге де мәселелері.

Қоғамдық қабылдау шеңберінде кәсіпкерлерге арнап консультациялар өтеді (қажет болған жағдайда анонимділікті қамтамасыз ете отырып), оның барысында ЕЭК сарапшылары түсініктеме береді.

Қоғамдық қабылдаудың тікелей көрсетілімі YouTube каналында өтеді. Тіркелу және қатысу үшін мына сілтемеге өтіңіз: https://eec.eaeunion.org/comission/direction/caa/public_reception/reg.php

 

 

 


Еншілес ұйымдар

Серіктестер