astana-view

Бөлшек салықтың арнайы режимін қолдану хабарламасын беру мерзімі ұзартылды

2023 жылғы 02 Мамыр
5759 просмотров

Дереккөз: pixabay.com

Құрметті кәсіпкерлер!

ҚР ҚМ Мемлекеттік кірістер комитетінің деректері бойынша қолданылатын салық режимі туралы хабарламаны беру мерзімі қызмет түрлерінің тізбесін бекіту туралы ҚР Үкіметінің қаулысы қолданысқа енгізілгенге дейін ұзартылды (ресми жарияланған сәттен бастап күнтізбелік 10 күн).

Нақты мерзімі қосымша хабарланатын болады.

Хабарламаны салық төлеушінің жеке кабинеті арқылы жіберуге болады. Бұл ретте бөлшек салықтың арнайы салық режиміне   ретроспектив тәртіпте өту үшін хабарламаның 2-бөлімінде «бөлшек салықтың арнайы салық режимі» деп жазылып, «Арнайы салық режимін қолдану шарттарына сәйкес келмейтін» себебі жазылыдаы. Көші мерзімі 1 қаңтар деп көрсетілсе, бұл осы режимді 01.01.2023 жылдан бастап қолдануға мүмкіндік береді.

Көрсетілген салық режиміне көшу үшін ҚҚС төлеушілер осы жылдың 1 мамырына дейін МКБ-ға хабарламалар (2-бөлімінде «G. бөлшек салықтың арнайы салық режиміне» және «А.ерікті шешім қабылдау»  себептерін белгілей отырып), қосылған құн салығы бойынша тарату декларациясын және ҚҚС бойынша есептен шығару туралы салықтық өтінішті қоса ұсынадыұсынады.

Бөлшек салықтың арнайы режиміне ауысқан салық төлеушілер

 Кейінгі кезеңдерден бастап бөлшек салықтың арнайы салық режиміне ауысатын салық төлеушілер хабарламаны әдеткі тәртіпте  ұсынады.

Бөлшек салық мақсаттары үшін қызмет түрлерінің жобалық тізімімен мында танысуға болады.


Еншілес ұйымдар

Серіктестер