astana-view

Кофе, шарап, тұздық: Қазақстанға қандай өнімдер импортталады?

2023 жылғы 04 Мамыр
3761 просмотров

Қазақстанға вермут және табиғи шараптың жүз пайызы шетелден әкелінеді. Еліміз тағы қандай өнімдері импорттайтыны туралы «Атамекен» Аналитика қызметі хабарлады.

 2 мамырда Үкімет отырысы барысында премьер-министр Әлихан Смайылов әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларының жоғары импортқа тәуелділігін ескере отырып, маусым айының соңына дейін қажетті өнімдер сатып алу, соның ішінде көрші елдерден сатып алуды қамтамасыз етуді тапсырды. Бұдан басқа, онлайн-субсидиялау платформасының тиісті жұмысын жолға қою және оның қызметін елдің азық-түлік қауіпсіздігін қамтамасыз етуге және бағаны тұрақтандыруға бағыттай отырып, «азық-түлік корпорациясының» жұмысын қайта форматтау тапсырылды.

«Ұлттық статистика бюросының 2023 жылғы ақпандағы мәліметтеріне сәйкес, тек импортталатын тамақ өнімдері қатарында вермут және жүзім табиғи шараптары (импорттың 100%), өңделген және консервіленген жемістер мен жаңғақтар (92,9%), қатты күйдегі сүт (91,2%)», – деп жазады аналитика қызметі.

Сондай-ақ, импортқа тәуелді тамақ өнімдерінің ең аз түрлері қатарында ұн (импорттың 0,7%), сүт өңделген  сұйық сүт  (5,1%), күріш (7,5%).

Толығырақ инфографикада.

 

 


Еншілес ұйымдар

Серіктестер