astana-view

Ақтөбе кәсіпкерлері бөлшек салықтың мөлшерлемесін төмендетуді сұрады

2023 жылғы 05 Мамыр
- Ақтөбе облысы
4641 просмотров

Бұл мәселені Өңірлік кәсіпкерлер палатасындағы жұмыс отырысы барысында мемлекеттік органдар, мәслихат депутаттары, бизнес және «Атамекен» өкілдері талқылады.

 Қазақстанда бөлшек салық ретроспективті түрде енгізілгені белгілі. Жаңашылдыққа сәйкес бөлшек салық 6%-дан 4%-ға дейін төмендетілді. Сондай-ақ бөлшек салық қолданылатын қызмет түрлерінің тізбесі (шамамен 186) кеңейтілді. Сонымен қатар, ақтөбелік кәсіпкерлер бөлшек салық мөлшерлемесін 4%-дан 2%-ға дейін төмендетуді сұрайды.

Заңға сәйкес бөлшек салық мөлшерін төмендетуге тыйым салынбайды. Салық кодексіне енгізілген түзетулер мәслихаттарға – жергілікті өзін-өзі басқару органдарына-мөлшерлемені 50%-ға, яғни 4%-дан 2%-ға дейін төмендетуге мүмкіндік берілген

 «Кәсібін бірнеше бөлікке бөліп жатқан кәсіпкер көп. Бұл әрекет ҚҚС шегінен асып кетпеу үшін жасалып отыр. Бизнес өкілдері туған-туысының атына жүздеген жеке кәсіпкерлік ашып жатыр. Осылайша лимитке дейін сатып, жаңа жеке кәсіпкерлік ашу үшін жасалады. Ал бөлшек салық енгізілсе, кәсіпкерлер бизнесін бөлшектемейді. Екінші мәселе қазір көлеңкеде жұмыс істеп жатқандар бар. Ал бөлшек салығы кәсіпкерлерге ыңғайлы болмақ, 2 млрд теңгеге дейін жеткізіп, 2%, 4%, 8%-да салық төлеп, көлеңкеде емес, ашық жұмыс істей бастайды. Ең бастысы бизнесті бөлшектемей, ашық жұмыс істеңіз, жалпыға бірдей декларацияға дайындалайық деп айту қажет», – деп атап өтті «Балан» бухгалтерлік компаниясының жетекшісі Нұргүл Бектібаева.

 Ақтөбе облысы мәслихатының бюджеттік комиссиясының төрағасы Нұрлан Махамбетов бастапқы кезеңде Экономикалық қызметтің жалпы жіктеуішінің қандай түрлері бойынша салықты төмендетуге болатынын анықтау қажет екенін айтты.

«Жалпы, Бюджет кодексінің қағидаттарының бірі – негізділік. Төмендеуді ұсынатын ЭҚЖЖ түрлері бойынша негіздеме қажет. Бюджет үшін қандай шығындар болатынын, қандай салдары болатынын есептеу керек», – деді ол.

Бұл ұсынысты барлығы қолдады.  

 Ақтөбе облысы бойынша МКК басшысының орынбасары Отызбай Адаев бизнеске жеңілдік жасауға әзірлік барын айтты.

«Бірақ біз Үкімет қаулысының бекітілуін күтуіміз керек, жергілікті және республикалық бюджеттерге түсімдерге талдау жүргізу қажет. Ең алдымен, бизнесті көлеңкеден шығару алгоритмін әзірлеу керек», – деді ол.

Кездесуді қорытындылай келе, Ақтөбе облысы кәсіпкерлер палатасы директорының құқықтық мәселелер жөніндегі орынбасары Руслан Күйшинов бизнеспен бірлескен түсіндіру жұмыстары жалғасатынын айтты. Қамту салалық қауымдастықтар, тамақтану, сауда және т. б. салалардың өкілдерімен кеңесу арқылы жүзеге асырылады.

Қазіргі кезде Ақтөбе облысында бөлшек салыққа 52 салық төлеуші ғана ауысты.

 

 


Еншілес ұйымдар

Серіктестер