astana-view

7 мамыр – Отан қорғаушылар күні

2023 жылғы 07 Мамыр
4994 просмотров

Құрметті  қазақстандықтар!

Сіздерді 7 мамыр – Отан қорғаушылар күнімен құттықтаймын!

Бес мемлекетпен шектесетін еліміздің шекарасын сақтап, өрт, апат кезінде адамдарды құтқарып, түрлі ұйым-мекемеде тәртіпті бақылаған, халықаралық арнайы операцияларға қатысып, достас елдерге көмектесіп жүрген азаматтарымыздың қызметі жауапты да күрделі.

Еліміздің жылдан жылға қауіпсіздігі күшейіп, қорғаныс қызметінің даңқы арта берсін. Сарбаздарымыз қаруды қарауылда ғана ұстап, ұрысқа емес, бітімгерлік шараларға ғана қатыссын. Аспанымыз ашық, заманымыз тыныш болсын!

Отанымыздың тірегі болар ұл-қыздарға мықты денсаулық, қажымас қайрат, ерен ерлік тілеймін!

Құрметпен, «Атамекен» ҰКП Төралқа төрағасы Райымбек Баталов


Еншілес ұйымдар

Серіктестер