astana-view

Орта Азияда темірбетон тор шығаратын жалғыз өндіруші Алматы облысында орналасқан

2023 жылғы 10 Мамыр
- Алматы облысы
4740 просмотров

Unifruit Production компаниясы қарқынды бау-бақшалар мен жүзімдіктерге арналған торлы жүйелерді салу бойынша кешенді шешімдерді ұсынатын өндірістік компания. Кәсіпорын жер учаскесін бөлу, жобалау, бетон тор мен зәкір өндіру, барлық қажетті материалды жеткізу, сондай-ақ монтаждау қызметтерін жүзеге асырады.

 Компания Орта Азияда бау-бақшаға италиялық технология бойынша темірбетон тор өндіретін жалғыз өндіріс. Бұдан басқа Unifruit Италиядан алма, алмұрт, шие, шабдалы, өрік және алхорының түрлі сұрыптарынан Орта Азия климатына төзімді көшет жеткізумен айналысады.

«Бау-бақшаға арналған торлардың жоғары сапасына қол жеткізу үшін біз нарықта 1968 жылдан бері жұмыс істейтін Италияның үздік жеткізушісін таңдадық. Компаниямыз осы технологияның Орта Азияда бірегей таратушысы саналады», – деді өндіріс жөніндегі директор Бекжан Маратов.

Unifruit Алматы облысында 1000 гектардан астам алқапта қарқынды бау-бақша салу бойынша өз жобаларын іске асырды. Қазір өндірісте барлығы 120-дан астам маман жұмыс істеп жатыр.

«Жеміс-көкөніс кәсіпорындары ауа-райы факторлары және жәндіктер, паразиттер, құстардың шабуылынан толық қорғанысты қамтамасыз ету үшін барлық құралмен жабдықталуы мүмкін. Осы талаптарға сәйкес келетін жылыжайлар мен бау-бақша қызметтері үшін қорғаныс мантиясын орнатуға мүмкіндік беретін арнайы құрылым қажет. Тірек бетон торына қолданылатын алдын ала кернеу технологиясы қорғаныс жүйесінің ең жақсы өнімділігіне, беріктігі мен тиімділігіне қол жеткізуге мүмкіндік береді», – деді Бекжан Маратов.

Компанияның миссиясы сапаны түсіріп алмай, бай-бақша шаруашылығын, өнімдерін қолжетімді ету.  Бағбандарды еуропалық технологияларды әзірлеу және енгізу арқылы жақсы өнім жинауға деген сенімділігін арттыру.

 

 


Еншілес ұйымдар

Серіктестер