astana-view

Қостанайда крафт ірімшіктерін пісіру бойынша бірегей өндіріс ашылды

2023 жылғы 11 Мамыр
- Қостанай облысы
4099 просмотров

Федоров ауданындағы кәсіпкерлер палатасының аудандық филиалының көмегі арқылы Любовь Гузь крафт ірімшіктерін шығара бастады. Жобалар мен стартаптарды дамыту немесе іске асыру үшін гранттар мен несие түріндегі мемлекеттік қолдау қажетті жабдықты сатып алуға көмектесті. Қазір бұл өнім ауданнан тыс жерлерде таныла бастаған. Ірімшік түрлері Қостанай және Рудный қалаларында сатылады, тіпті Ресейден тапсырыстар түсіп жатыр. Федоров ауданы көрші елмен шекаралас.

Кәсіпкердің пікірінше, ірімшік күнделікті дастарханда болуы тиіс. Ал крафт ірімшіктің тіпті пайдасы мол. Бұл өнім экологиялық таза шикізаттан дайындалады. Оның құрамында кальций, фосфор және басқа дәрумендер мен микроэлементтер көп. Ірімшікте етке қарағанда ақуыз көп. Любовь Гузь хобби бизнеске айналуы үшін бір ғана қалау жеткіліксіз дейді. Өндірісті бастауға ғана емес, оны кеңейтуге де көмектесетін қолдау қажет.

 «Мұндай қолдауды кәсіпкерлер палатасының аудандық филиалынан алдым. Мен қажетті жабдықты сатып алдым – бұл ірімшіктердің пісуіне арналған үлкен тоңазытқыш. 4 млн теңге көлемінде алынған грант ірімшік зауытын сатып алуға мүмкіндік берді. Осының арқасында мен күніне 200 литрге дейін сүт өңдеймін, бұл 15 келіге дейін ірімшік өндіруге мүмкіндік береді», - дейді кәсіпкер.

 Кәсіпкер қатты ірімшік түрлерін пісіруді жоспарлап отыр. Мұндай ірімшікке пісуге ұзағырақ уақыт керек. Қазір Любовь кәсіп жүргізумен қатар ізденісте, осы саланы зерттеу үстінде. Сәуірде «Бір ауыл – бір жоба» жобасының аясында облыстағы қыз-келіншектер ірімшік жасауды үйренді, ал осында тәжірибесі барлар біліктілігін арттыра алды.

"Ірімшік жасау – шығармашылық процесс. Осы шығармашылықтың нәтижесі өте дәмді және пайдалы болып шығады. Сондай-ақ, ірімшік жасау – күрделі және жауапты іс, білім мен тәжірибені қажет етід. Үнемі оқу, өз шеберлігін шыңдауға тура келеді», – деп атап өтті Любовь Гузь.

Кәсіпкер көмек беретін, соның ішінде қай бағытта жүру керегін көрсететін адамдардың болғаны маңызды екеніне сенімді. Любовь Гавриловна Қостанай облысының кәсіпкерлер палатасында әрдайым кеңес алуға, ниеттес адамдармен кездесуге және жаңа идеялармен шабыттануға болады деп санайды.


Еншілес ұйымдар

Серіктестер