Қазақстанда орташа жалақы өсті
2023 жылдың I тоқсанындағы орташа айлық жалақы 340 636 теңгені құрады. Өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда бұл көрсеткіш 19,3%-ға артты, деп хабарлайды «Атамекен» аналитика қызметі.
«Ұлттық статистика бюросының деректері бойынша «Қаржы және сақтандыру қызметі» саласы экономикалық қызмет түрлері бойынша 602 114 теңге көрсеткішпен лидер атанды», – деп жазады сарапшылар.
Кейінгі 9 жылдағы динамикада орташа айлық жалақы бойынша ең үлкен өсім мына салаларда байқалады:
- әкімшілік және қосалқы қызмет көрсету саласындағы қызмет (+270%);
- құрылыс (+265%);
- білім (+253%);
- ақпарат және байланыс (+223%);
- орналастыру және тамақтану бойынша қызмет көрсету (+218%).
Пікір қалдыру:
Пікірлер: