astana-view

Теңіз тасымалын қалай оңайлатуға болады?

2023 жылғы 16 Мамыр
4945 просмотров

Бүгін семинар барысында мемлекеттік органдар, «Атамекен» ҰКП, Ақтау және Құрық теңіз порттары, кеме қатынасы компаниялары мен салалық қауымдастықтардың өкілдері халықаралық теңіз тасымалдарын жеңілдету мәселесін қарады.

Қазақстан Республикасының 2030 жылға дейінгі көліктік-логистикалық әлеуетін дамыту тұжырымдамасына сәйкес негізгі міндеттердің бірі тасымалдау процесіне қатысушылардың электрон өзара іс-қимылы арқылы халықаралық көлік дәліздеріне интеграциялау екенін айта кету керек.

 Осы міндетті іске асыру үшін «Атамекен» Ұлттық кәсіпкерлер палатасының мамандары Транскаспий халықаралық көлік маршрутының халықаралық дәлізіне қатысушылардың ақпараттық жүйелерінің интеграциясын жеделдетуді және ТХКБ қатысушы елдердің көлік-логистикалық және кедендік реттеу саласындағы заңнамаларын үйлестіруді ұсынды.

ҰКП мамандары теңіз порттарында бақылауды жүзеге асыру процестеріне «бірыңғай терезе» жүйесін енгізу «Doing business» бизнес жүргізу деңгейінің қолайлылығы бойынша Қазақстанның рейтингін арттыруға мүмкіндік береді деп санайды.

 Еске салсақ, Астанада халықаралық теңіз тасымалдарын жеңілдету мәселелері бойынша ұлттық семинар өтіп жатыр. Іс-шараны Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігінің Көлік комитеті халықаралық теңіз ұйымы (IMO) және АҚШ-тың халықаралық даму агенттігімен (USAID) бірлесіп ұйымдастырды.

Семинар барысында халықаралық теңіз тасымалын жеңілдету жөніндегі конвенцияның (FAL) талаптары, «бірыңғай терезені» (құралдар, мысалдар, стандарттар) енгізудің практикалық қадамдары қаралды. Кемелер, жүктер және жолаушыларды кедендік тазарту үшін электрон деректермен алмасу мәселелері талқыланды.

 

 

 

 

 


Еншілес ұйымдар

Серіктестер