astana-view

Қазақстандық кәсіпкерлер Берлиннің білім беру орталығында екі апталық бизнес-тағылымдамадан өтті

2023 жылғы 16 Мамыр
5289 просмотров

Қазақстандық кәсіпкерлер  Берлиннің (Германия) COMMIT білім беру орталығында екі апталық бизнес-тағылымдамадан өтті. Тағылымдама «Іскерлік байланыс» және Басқарушы кадрларды даярлау бағдарламасы аясында ұйымдастырылды.

 Бағдарламаға қатысу қорытындысы бойынша Павлодар облысындағы «Derfolg»   ЖШС жетекшісі Сергей Барт тағылымдамадан алған нәтижесін бөлісті. 

 «Derfolg»   ЖШС агроөнеркәсіптік кәсіпорындар, индустриялық және медициналық бағыттағы кешендерге арналған өнеркәсіптік климаттық жабдық, HORECA және медицина үшін кәсіби металл жиһаз шығарумен айналысатын отандық өндірушілердің тобы. 

 Барлық қондырғы Frascold, WTK, Pedrollo, Danfoss сынды әлемдік белгілі маркалардың бөлшектерімен жабдықталады. 

  «Derfolg»   ЖШС компаниясының тағы бір бағыты химия өнеркәсібі өнімдерін жеткізуге байланысты. Сондай өнімдердің бірі – перхлорэтилен. 

«Derfolg» ЖШС 2022 жылы Richard Geiss GmbH неміс компаниясымен ынтымақтастық жобасын жоспарлады. Германияның экспорт агенттігінің рұқсаты тура тағылымдама басталар кезде алынды. Тренингте келіссөздер жүргізу дағдылары неғұрлым тиімді бағаны алуға көмектесті. Ал заңгерлік компания өкілдерімен кездесуде алынған ақпарат Германияда болған кезде  келісімшартты тез құру, іскерлік байланыс орнатуға келісіп, құжаттарға қол қоюға көмектесті (келісімшарттың мәні перхлорэтилен сатып алу болды). Сондай-ақ, кәсіпкер Германияда болған кезде логистикалық компаниямен тасымалдау туралы келісімге қол жеткізілді. Жоспар бойынша мәміле бір ай ішінде аяқталуы керек.

 Кәсіпкерге неміс серіктестермен жемісті іскерлік байланысты одан әрі нығайтуға тілектеспіз.


Еншілес ұйымдар

Серіктестер