astana-view

Ұлттық палатада бөлшек салықтың арнайы салық режимі түсіндіріледі

2023 жылғы 19 Мамыр
3462 просмотров

Құрметті кәсіпкерлер
2022 жылғы 1 қаңтардан бастап ҚҚС бойынша шек 30 мың АЕК-тен 20 мың АЕК-ке дейін төмендетілді. Соның салдарынан мыңдаған қазақстандық кәсіпкер мемлекеттік кірістер органдарынан айыппұл төлеуге және ҚҚС бойынша есепке тұруға тиісті хабарламалар ала бастады. Айыппұл 50 АЕК және ҚҚС есептемегенде, жұмыс кезеңі үшін айналым сомасының 15%-ын құрайды.

Осыған байланысты, 2023 жылғы 23 мамырда сағат 15.00-де «Атамекен» Ұлттық кәсіпкерлер палатасының алаңында ҚР Ұлттық экономика министрлігі және ҚР ҚМ Мемлекеттік кірістер комитетінің сарапшыларының қатысуымен бөлшек салықтың арнайы салық режимін түсіндіру бойынша бірлескен семинар өтеді.
Семинар ҰКП-ның You-tube каналында  және «Учет.кз» порталында онлайн өтеді.
Ақпараттық серіктес «Учет.кз»  порталы.


Еншілес ұйымдар

Серіктестер