astana-view

Ұлытау облысының құрылысшылары күндерін әрең көріп жүр

2023 жылғы 21 Мамыр
- Ұлытау облысы
4098 просмотров

Бұл туралы олар Қазақстан құрылысшылар одағы төралқасының төрағасы Талғат Ерғалиевпен кездесуде айтты.

Кездесу ӨКП төрағасы Гүлмира Қаженованың қатысуымен Ұлытау облысының Өңірлік кәсіпкерлер палатасы алаңында құрылыс Комитетінің отырысы аясында өтті.

Құрылыс индустриясындағы проблемалар үнемі болған. Бірақ соңғы жылдары үлкен қалалардағыдай құрылыс қарқыны жоқ аймақтарда, сәйкесінше еңбеккерлерге тапсырыстар мен жұмыс орындары да аз.

«Қазіргі жағдайды ескере отырып, қазір өңірлерде құрылыс жүргізу тиімсіз, тіпті мәні жоқ деп айтуға болады»,- дейді құрылысшылар.


Сарапшылардың бағалауы бойынша, аймақтағы құрылысшыларға қиындау. Елордада және басқа да ірі қалаларда жағдай анағұрлым тұрақты болса, Ұлытау облысындағы жағдай мәз емес.


«Мемлекеттік тендер бойынша бөлінетін қаржы — бюджетті қысқарту және бағаны демпингтеу кезінде қысқарады, одан орындалатын жұмыстың сапасы зардап шегеді. Қарапайым материалдардың қажетті көлеміне қаражат жеткіліксіз. Сайып келгенде, барлық инфрақұрылым зардап шегеді. Бұл тек тұрғын үй құрылысына ғана қатысты емес, қалалық және Республикалық маңызы бар жолдарды жөндеу кезіндегі жағдай да осындай»,-деп құрылысшылар өкпелерін айтты.


Қазақстан құрылысшылар одағы төралқасының төрағасы Талғат Ерғалиев шағымдарды тыңдап, баламалы бағдарлама ретінде өңірдегі құрылыс саласын жақсарту үшін өңірлерге арнайы 2% ипотекалық бағдарламаны іске қосуды ұсынды. Мысалы, Астанада ипотека бойынша төменгі шек 7% құрайды.


«Бұл жалпы өңірге тұрғындарды тартуға және жаңа облыстың құрылыс саласын жандандыруға мүмкіндік береді», - дейді Талғат Файзуллиұлы.

«Біз сондай-ақ өз тарапымыздан өңірлерді ілгерілетуге тырысамыз, қаражатты өңірлерде қалдыру үшін бізде әртүрлі ұсыныстар бар. Ұсыныстар назарға алынатынына сенйік, ең жақсысына үміттенеміз», - деді ол.


Сондай-ақ, құрылыс комитетінің отырысы барысында Қазақстан құрылысшылар одағы филиалының директоры сайланды. Комитет мүшелері ашық дауыс беру арқылы Думан Жамановтың кандидатурасына бірауыздан дауыс берді.

Отырыс жұмысын аяқтай отырып, Талғат Ерғалиев осындай кездесулерді өзекті мәселелерді айтып, қордаланған проблемалардан шығу жолдарын ұсыну үшін жиі өткізу қажеттігін айтты.



 
 


Еншілес ұйымдар

Серіктестер