astana-view

Саз ем ретінде: қыш шеберханасынан инклюзивті саз балшық терапиясының студиясына дейін

2023 жылғы 24 Мамыр
- Алматы облысы
7361 просмотров

Алматы облысы Қонаев қаласының тұрғыны Бәкірдін Ғалия өзінің бизнес жолын бірнеше жыл бұрын бастады. Кәсіп ашуды жоспарламаған Ғалия әртүрлі курстарға, соның ішінде саз балшықтан ыдыс жасау мастер-класстарына да қатысты. Қыш ыдыстарды жасау процесі оны қызықтырғаны соншалық, ол толық үйрену оқуынан өтті. Кейін Алматы облысының Кәсіпкерлер палатасынан барлық қажетті ақпаратты алып, өзінің «кішкентай сүйікті кәсібін» ашты - деп атайды Ғалия шеберханасын.

Бір-екі үстел мен бір құмыра дөңгелегі бастаушы кәсіпкер әйелге өзінің шығармашылық әлеуетін іске асыруға және шабыт табуға көмектесті: шеберлік сабақтары, тапсырыс бойынша жасалған ыдыстар мен декор элементтері.

«Бәрі керекті орын табудан басталды. Тапсырма оңай болған жоқ: қыш шеберханасы жақсы желдетуді, сумен қамтамасыз етуді, кәрізді, 380 Вт желідегі кернеуді - өрт қауіпсіздігі шарттары мен белгілі бір метражды қоса алғанда, барлығы 20-дан астам әртүрлі пункттерді қажет етті. Бақытымызға орай, орын тез табылды», - деп еске алды Ғалия.

Қазір бұл қаладағы жалғыз шеберхана, ал бірегей керамикалық өнімдер аймақта үлкен сұранысқа ие. Командада төрт қызметкер бар: Ғалияның өзі, екі мүсін және қыш жасаушылар, оның ішінде жұбайы, және бір суретші.

Іскер әйел өзінің сүйікті ісін монетизациялап, адамдарға қуаныш сыйлағанына бақыттымын дейді.

«Бұл бизнесте маған ұнайтын барлық нәрсе бар: қызмет көрсету саласы, адамдармен жұмыс, шығармашылық және өзін-өзі көрсетуге арналған қол еңбегі», - деп қосты кәсіпкер.

Ғалияның айтуынша, керамика мен қыш ыдыс жасау кейде сырттан маңызды емес, аш күш жұмсауды қажет ететін бизнес ретінде қабылданады, бірақ олай емес.

«Керамика - бұл саздан жасалып, кептірілген және жоғары температурада күйдірілген бұйымдар. Сондықтан бұл көптеген технологиялық ерекшеліктері бар өте күрделі сала. Бір өнімді жасаудың толық циклі - кем дегенде бес кезең, шамамен бір айға созылады», - дейді іскер әйел.

Қазір кәсіпкер саз балшық терапиясының инклюзивті студиясын ашуға дайын екенін атап өтті. Сондықтан ол Алматы облысының Кәсіпкерлер палатасына жүгінді. Палата қызметкерлері Ғалияға 2021-2025 жылдарға арналған кәсіпкерлікті дамыту жөніндегі Ұлттық жоба шеңберінде инновациялық грант алуға бизнес-жоспар құруға көмектесті және оны осы процестің соңғы кезеңіне дейін сүйемелдейтін болады.

«Саз балшық терапиясы өте пайдалы. Бұл, ең алдымен, ұсақ моториканың дамуы. Әрі қарай, ол шығармашылық қиялды ынталандырады, өз сезімдері мен эмоцияларын символдық деңгейде білдіруге үйретеді. Мұндай сабақтар стрессті жеңілдетуге және агрессивтілікті төмендетуге де көмектеседі», - деп қорытындылады бизнесвумен.

 


Еншілес ұйымдар

Серіктестер