«Атамекен» ҰКП мамандары инвестициялық жобалардың іске асырылуын бақылау үшін салалық мастер-жоспарлар әзірлеуді ұсынды
ҚР Парламенті Сенатының «Өңір» депутаттық тобымен кездеуде «Атамекен» ҚР ҰКП басқарма төрағасы шағын және орта бизнесті қолдау үшін басым салалар мен қосалқы салалар бойынша өңірлер деңгейінде салалық мастер-жоспарлар әзірлеуді ұсынды. Жаңа тәсілдің негізгі ұсынысы – бірыңғай цифрлық платформада салалық мастер-жоспарларды сүйемелдеу және бақылау. Осылайша басым салаларда инвестициялық бағдарламаларды іске асырудың түпкілікті мониторингі қамтамасыз етілетін болады.
«Кейінгі 15 жылда елімізде мемлекеттік жоспарлау жүйесі аясында өте жақсы бағдарламалар пайда болып, белгілі бір оң әсерін беріп жатыр. Алайда, осы бағдарламалар шеңберінде бұл міндеттердің толық орындалмады. Демек, экономиканы толығымен әртараптандыру мүмкін болмады. Талдау жүргізе отырып, біз негізгі себеп осы бағдарламалардың іске асырылуын тиімді бақылаудың болмауында деген қорытындыға келдік. Өйткені бұл бірден бірнеше қатысушыларға, ең алдымен – бизнестің өзіне, екіншіден – жергілікті атқарушы органдарға, үшіншіден – даму институттарына байланысты. Сондықтан «Атамекен» Ұлттық палатасы инвестициялық жобалардың сапалы іске асырылуын бақылаудың нақты механизмін әзірлеуді ұсынды», – деді Райымбек Баталов.
Спикер аумақтардың бәсекелестік артықшылықтарын толыққанды іске асыру және олардың инвестициялық әлеуетін жедел ашу үшін «Атамекен» ҰКП өңірлерде 3-5 басым сала/қосалқы салаларға назар аударуды ұсынады. Мәселен, Ұлттық палатаны трансформациялау аясында өңірлік палаталар жанынан салалық кеңестер құрылды, олар бүгін жиынға қатысып жатыр.
«Бұл кеңестер бизнес-қоғамдастықтың мемлекеттік органдармен тиімді өзара іс-қимылы және кәсіпкерлердің проблемаларын шешу үшін қажет. Салалық кеңестерді құрудың мақсаты – салалық бағыт, салалық проблемалар тізілімі, инвестициялық жобалар тізілімінде және сәйкес өңірде бизнес-пікірді шоғырландыру. Әр облыста өңірлік ерекшеліктерге байланысты орта және ірі жобаларға инвестиция салуға дайын кәсіпкерлер бар. Осындай инвесторлардың тізіліміне ие бола отырып, біз Үкімет пен әкімдіктерге «Атамекен» ҰКП-мен бірлесіп, әр өңірдің мамандануын өзектендіруді, қысқа мерзімде Өңірлерді дамыту бағдарламасына кіретін инвестицияларды тартудағы тежеуші проблемаларды еңсеру жөніндегі шаралар кешенін әзірлеуді ұсынамыз. Біз өңірлер деңгейінде ШОБ-ты қолдаудың өңірлік бағдарламалары саналатын басым салалар мен қосалқы салалар бойынша салалық мастер-жоспарлар әзірлеуді ұсынып отырмыз», – деп толықтырды «Атамекен» ҰКП басшысы.
Жаңа тәсілдің негізі – бірыңғай цифрлық платформада салалық мастер-жоспарларды сүйемелдеу және бақылау. Соның көмегімен осы басым салаларда инвестициялық бағдарламаларды іске асырудың түпкілікті мониторингі қамтамасыз етілетін болады.
«Цифрлық платформа арқылы біз интерактивті инвестициялық картаны құру, инвесторлардың цифрлық базасын және әр өңірдің инвестициялық жобаларын іске қосуды көздейміз. Мұның бәрі нақты уақыт режимінде нақты инвестициялық жобалар, нақты шағын және орта бизнес субъектілерін орындау тиімділігінің негізгі көрсеткіштеріне қол жеткізуде мониторинг жүргізуге мүмкіндік береді. Жоспарланған көрсеткіштерден ауытқу себептері бойынша ақпаратты көрсете отырып, жауапты тұлғаларды анықтап, жоғарыда аталған барлық бастаманы шағын және орта бизнесті қолдаудың бірыңғай кешенді жоспарының негізі ретінде ұсынамыз», – деп түйіндеді спикер.
Пікір қалдыру:
Пікірлер: