astana-view

Шүберек шығаратын отандық өндірушілердің сатып алуға қатысуына жеңілдік қарастырылған

2023 жылғы 29 Мамыр
4862 просмотров

Дереккөз: vashaforma.kz

Бұған дейін шүберек шығаратын отандық өндірушілер осы қызметке нақты белгіленген талаптардың болмауына байланысты мемлекеттік сатып алуға қатыса алмай келген.

«QazTextileIndustry» жеңіл өнеркәсіп кәсіпорындарының ұлттық бірлестігі» өзін-өзі басқаратын ұйымның ұсыныстары негізінде осы жылдың ақпанында өндірістік кәсіпорындарды бағалау және жеңіл өнеркәсіп кәсіпорындары өндірістерінің жай-күйін талдау кезінде біліктілік талаптарына шүберек өндірісіне қойылатын талаптарды енгізу бойынша жұмыс басталды.

«QazTextileIndustry» жеңіл өнеркәсіп кәсіпорындарының ұлттық бірлестігі» өзін-өзі басқарушы ұйым, ҚР Жеңіл өнеркәсіп кәсіпорындары қауымдастығының және жеңіл өнеркәсіп саласындағы бизнес өкілдерінің бірлескен талқылауларынан кейін шүберек өндірісіне қойылатын талаптар келісіліп, өндірістік кәсіпорындарды бағалау және жеңіл өнеркәсіп кәсіпорындары өндірістерінің жай-күйін талдау кезінде біліктілік талаптарына енгізілді. Содан кейін 2023 жылғы 15 мамырда бекітілген.

Енді  «Ұлттық режимнен алып қоюды белгілеудің кейбір мәселелері туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2022 жылғы 2 ақпандағы № 49 қаулысына сәйкес отандық шүберек өндірушілер Индустриялық сертификат негізінде өткізілетін сатып алуға қатыса алады.

 «Атамекен» ҚР ҰКП Өңдеу өнеркәсібі комитеті шүберек өндірісіне қойылатын талаптарды қосу бөлігінде біліктілік талаптарына толықтырулар енгізу жөніндегі ұсыныстарды келісті. Аталған біліктілік талаптарының жаңартылған нұсқасы «Атамекен» ҰКП сайтында жарияланды», – деп атап өтті «Атамекен» ҰКП Өңдеу өнеркәсібі департаментінің директоры Асқар Алмат.

Біліктілік талаптарымен мында танысуға болады.

 Шүберек – өнеркәсіптік кәсіпорындар мен өндірістерде сүрткі материал ретінде қолданылатын мата.

 


Еншілес ұйымдар

Серіктестер