astana-view

Астана мен Хатлон кәсіпкерлері ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойды

2023 жылғы 30 Мамыр
- Астана қаласы
5116 просмотров

Астана қаласының кәсіпкерлер палатасы және Тәжікстан Хатлон облысының Сауда-өнеркәсіп палатасы ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойды. Меморандум «Орта Азиядағы экономикалық өсу секторлары үшін кәсіптік білім беру» жобасы шеңберінде жасалды.

Құжатқа Астана қаласының кәсіпкерлер палатасының директоры Бейсен Жолболдиев пен Тәжікстан Хатлон облысының Сауда-өнеркәсіп палатасының бас директоры Фарход Расулзода қол қойды.

 «Сіздерді елордамыз Астана қаласында қарсы алуға қуаныштымыз. Бүгінгі кездесуіміз жемісті бірлескен жұмыс үшін бастама болады деп үміттенеміз», – деп атап өтті Бейсен Жолболдиев.

Фарход Расулзода Тәжікстан кәсіпкерлері қазақстандық бизнеспен екіжақты қарым-қатынасты дамытуға мүдделі екенін атап өтті.

 Кездесуде Кәсіпкерлер палатасы директорының орынбасары Нұргүл Ахметова Палатаның жұмысы, кәсіпкерлердің қаланың экономикалық дамуына қосқан үлесі, шетелдік инвесторлар үшін құрылатын жағдайлар туралы айтты. Кездесуге қатысқан елордалық кәсіпкерлер тәжік әріптестерімен электр энергетикасы, медициналық жабдықтар және ақпараттық бағдарламалар саласында бизнес құру мәселелерінде тәжірибе алмасуға дайын екенін білдірді.

 «Астана электротехникалық зауыты» ЖШС бас директоры Асқар Сыздықов Тәжікстан әріптестерімен бірлескен жобаларға инвестиция салуға дайын екенің білдірді.

Тәжікстан Сауда-өнеркәсіп палатасы төрағасының орынбасары Хайдар Раджабов әріптесіне көрсеткен қызығушылығы үшін алғыс айтып, кәсіпкерлерді Тәжікстанға келуге шақырды.

 Меморандум шеңберінде тараптар экономика салаларында кадрларды даярлау, қайта даярлау, біліктілігін арттыру, сертификаттау және аттестаттау, техникалық және кәсіптік білім беруді дамыту саласындағы мәселелер бойынша бір-біріне ақпараттық және консультациялық қолдау көрсетуге ниетті.. Сондай-ақ, Тараптар нормативтік актілерді әзірлеу немесе қайта қарауға байланысты мәселелер бойынша жәрдем көрсету және өңірлік тәжірибе алмасу, өзара оқытуға қатысуға ниетті.

 Еске салсақ, «Орта Азиядағы экономикалық өсу секторлары үшін кәсіптік білім беру» жобасы экономиканың өсіп келе жатқан секторларын сұранысқа ие білікті мамандар мен менеджерлермен қамтамасыз ету үшін Орта Азия елдерінің (Қазақстан, Өзбекстан, Қырғызстан, Тәжікстан) кәсіптік білім беру жүйелерін реформалауға жәрдемдесуге бағытталған.

Жобаның мақсаты білім беру сапасын арттыру және оның мазмұнын халықаралық үрдістерге және түлектердің біліктілігіне қойылатын үнемі өзгеріп отыратын талаптарға сәйкес жаңғырту. Бұл жұмыс берушілерді болашақ мамандарды дайындау процесіне кеңінен тартуды көздейді.

 


Еншілес ұйымдар

Серіктестер