astana-view

Райымбек Баталов Сенатта Ұлттық палатаның инвестиция тартуды жақсартудағы жұмысын таныстырды

2023 жылғы 30 Мамыр
6528 просмотров

Қолайлы инвестициялық ахуалды құру және инвестициялық тартымдылықты арттыру тақырыбы экономиканы дамытудың басым міндеттерінің бірі. Палата инвесторлар үшін қолайлы жағдайларды қалыптастыруға белсенді қатысады және инвестицияларды тарту мәселелеріне ұйым қызметінде ерекше назар аударылған. Бұл туралы «Атамекен» ҰКП басқарма төрағасы Райымбек Баталов Парламент Сенатындағы үкіметтік сағат барысында мәлімдеді.

Райымбек Баталов Қазақстанда қолайлы инвестициялық ахуалға қол жеткізу үшін қабылданып жатқан шаралар туралы айтып, бірінші кезекте салық саясаты экономикалық дамудың механизмдерінің бірі екенін, онсыз инвестициялық тартымдылық мүмкін еместігін атап өтті.

 «Салық салудың реттеу-ынталандырушы жүйесі және сервистік-бағдарланған салық қызметін құру салық төлеушілер мен бюджеттің мүддесі арасындағы теңгерімді қамтамасыз етеді. Бұл мәселеде Ұлттық палатаның позициясы белсенді. Мемлекеттік органдар және әр саланың өкілдерімен бірлесіп біз бүгінгі тұжырымдаманы пысықтаймыз. Бұл экономика институтында жүргізілетін күнделікті жұмыс. Салықтық әкімшілендіру және ішкі процестерді цифрландыруды жақсарту мәселелері өте маңызды деп санаймыз Өйткені егер жаңа кодекс ескі базаға негізделсе, онда ол соншалықты тиімді болмайды», – деп атап өтті «Атамекен» ҰКП басшысы.

Сонымен қатар, сот реформасы мәселесі өзекті тақырыптардың бірі болып отыр, өйткені сот пен елдің инвестициялық тартымдылығы –  ажырамас ұғымдар.

 «Ең алдымен, сот жүйесінің құрылымы түзетуге жатады. Өйткені кассациялық өтініштерді алдын ала қараудың қолданыстағы тәртібі Жоғарғы сотқа төменгі соттардың барлық сот актін қайта қарауға мүмкіндік бермейді. Әділет министрлігі мемлекеттік органдардың позициясы мен «Атамекен» ҰКП ұсыныстары негізінде кәсіпкерлердің құқығын қорғауды күшейту бойынша «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне қылмыстық, қылмыстық іс жүргізу және қылмыстық-атқару кодекстерін оңтайландыру мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Заң жобасын дайындады. Заң жобасында экономикалық қылмыстар бойынша бірнеше рет айыппұл салу көзделіп отыр. Бұл жазаның сәйкестігін, сондай-ақ «ақ жағалылар» қылмыстары бойынша бас бостандығынан айырудың баламасын қамтамасыз етеді», – деді Райымбек Баталов.

 Спикердің пікірінше, жалпы шикізат секторы сияқты маңызды салаларға инвестиция тарту – тағы бір маңызды фактор.

«Жер қойнауының геологиялық зерттелуі туралы өзекті өңірлік ақпараттың болмауы саланың инвестициялық тартымдылығына теріс әсер етеді. Мен бұған назар аударамын, өйткені келген инвесторлар, әрине, іздеуге уақыт жұмсамай түсінікті және ашық ақпарат алғысы келеді. Мұндай жұмысты біз ИИДМ-мен бірлесіп жүргізіп жатырмыз. Басты назар ашық болатын жоғары дәлдіктегі аэрогеофизикалық зерттеулерге аударылатынына келістік. Бұл тәсіл Австралия, Жаңа Зелания, Африка және басқа елдерде қолданылады», – деп толықтырды «Атамекен» ҰКП басшысы.

Райымбек Баталов шикізатты қайта өңдеуге экономиканы дамытуға баса назар аудару маңызды екенін айтты. Өйткені негізінен Қазақстан экспортпен айналысады. Бұл жерде шынымен тиімді бағдарлама болуы өте маңызды және қайт аөңдеу кәяіорындары болуы керек. Алайда қазақстандықтар белгілі бір шикізатты экспорттауға тура келеді.

 «Қазіргі кезде Ұлттық палата Қазақстан аумағын заманауи және жоғары дәлдіктегі аэрогеофизикалық зерттеулермен қамту бойынша жобаны әзірлеп жатыр. Тиісті деректер геологиялық барлау саласындағы халықаралық сарапшылардың назарын аударады және минералды ресурстарға егжей-тегжей барлау жүргізудің негізгісіне айналады. Бұл жұмыстарды жүргізудің негізгі әсері геологиялық барлауға инвестицияларды едәуір ұлғайту болады», – деді басқарма төрағасы.

 Райымбек Баталов аэрогеофизикалық зерттеулер жүргізу Қазақстанның шетелдік инвесторлар үшін инвестициялық тартымдылығын арттыратынын атап өтті. Жер қойнауының кеңдігі мен сапасы туралы неғұрлым дәл және толық деректер пайдалы қазбаларды өндіру саласына инвестициялардың едәуір көлемін тартады.

 «Төртінші мәселе сыртқы факторға байланысты. Бұл жұмысты Сыртқы істер министрлігі және шетелде құрылған іскерлік кеңестермен белсенді жүргізіп жатырмыз. Біз бұл жұмысты жандандыру керек екенін түсінеміз. Өкінішке қарай, белсенді рөл атқаруы керек іскерлік кеңестердің бір бөлігі біз қалағандай деңгейде жұмыс істемейді. Әрине, қазір елшіліктермен жұмыс істеуге баса назар аударып, қайта жүктеуді жасап отырмыз. Біріншіден, инвесторларға арналған бастапқы ақпарат мәселесі, оны жақсылап зерттегіміз келеді. Тағы бір мәселе жобаларды сүйемелдеумен байланысты», – деді спикер.

Оның айтуынша, аумақтардың бәсекелестік артықшылықтарын толыққанды іске асыру және олардың инвестициялық әлеуетін жедел ашу үшін «Атамекен» ҰКП өңірлерде 3-5 басым сала/қосалқы салаға назар аударуды ұсынды.

«Кейінгі 20 жылда біз әкімдіктер ұсынатын барлық инвестициялық жобаны жинап жатырмыз. Қазір Ұлттық палата бұл жұмысты жүйелеуді ұсынды. Әр ауданның өз мамандығы бар деп санаймыз, бұл жағдайда бізде бөлек бағдарламалар болуы керек. Үкімет және Президент әкімшілігімен бірлесіп біз мемлекеттік жоспарлау жүйесін қайта қарау бойынша жұмыс жүргізіп жатырмыз. Бұған әкімдіктер деңгейінде назар аудару қажет. Кәсіпкер ретінде айтсам, егер біз ауданда басымдықтар және осы басымдықтарды дамыту үшін қандай нақты жағдайлар жасалғанын түсінбейтін болсақ, онда мұның бәрі стихиялық құбылыс болып шығады», – деп атап өтті Баталов.

 Мұны болдырмау үшін «Атамекен» ҰКП мамандары басым жобалардың тізілімі бар бірыңғай интерактивті инвестициялық картаның көмегімен басым және қосалқы салалар бойынша өңір деңгейінде салалық мастер-жоспарларды әзірлеуді ұсынды. Осылайша басым салаларда инвестициялық бағдарламаларды іске асырудың түпкілікті мониторингі қамтамасыз етілетін болады. Жобаларды осы форматта сүйемелдеу инвесторлар тап болатын операциялық кедергілерді тиімдірек алып тастауға мүмкіндік береді.

«Жоғарыда айтылған дәйектерді ескере отырып, ойынның жаңа, неғұрлым әділ және тиімді қағидаларын құра отырып, біз расымен тартымды инвестициялық ахуалды қалыптастыра аламыз», – деп түйіндеді «Атамекен» ҰКП басшысы.

 

 


Еншілес ұйымдар

Серіктестер