astana-view

Мемлекеттік органдармен әкімшілік соттардың басым бөлігі кәсіпкерлер пайдасына шешіледі

2023 жылғы 30 Мамыр
6088 просмотров

 Кейінгі жылдары Қазақстанда мемлекеттік органдар тарапынан бизнеске қысымның айтарлықтай төмендеген. Бұны сарапшылар қауымдастығы ғана емес, барлық санаттағы кәсіпкерлер де байқап отыр.  «Атамекен» ҰКП басқарушы директоры Азамат Құсайынов «Хабар 24» телеарнасының эфирінде осы бағытта қандай жұмыс атқарылғанын, Ұлттық палата және басқа да мемлекеттік органдар кәсіпкерлерді құқықтық қорғауда қандай жаңа тәсілдерді қолданатыны туралы айтты.

«Кәсіпкерлердің құқығын қорғау – үздіксіз процесс. Өйткені бизнес пен мемлекет арасында әрқашан жаңа қарым-қатынастар қалыптасып, жаңа кейстер пайда болады. Дегенмен, біз өз тарапымыздан белгілі бір шаралар кешенін қолданып отырмыз. Осы жұмыста Бас прокуратура – біздің басты мүдделі тарапымыз. Жыл сайын біз бизнесті қорғау саласындағы өзара іс-қимыл бойынша кешенді жоспар қабылдаймыз. Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметпен серіктестікте сыбайлас жемқорлық қатерлерін алдын алу шеңберінде кәсіпкерлікті қорғау бойынша «бизнеске жол» жобасы пысықталды», –деді Азамат Құсайынов.

Сонымен қатар, спикердің айтуынша, бұл бағытта Әкімшілік рәсімдік-процестік кодексті қабылдау үлкен көмек болды. Нәтижесінде азаматтардың көбі, соның ішінде кәсіпкерлер өткен жылдың қорытындысы бойынша әкімшілік істер бойынша мемлекеттік органдармен соттардың жартысынан көбін жеңіп алды.

«Бұл өте тиімді құрал, оны толық қолдап отырмыз. Бұған дейін бұл мүмкін емес. Мысалы, кәсіпкер мемлекеттік орган әрекетіне қарсы арызданғанда үнемі жеңіліп қалатын. Енді кәсіпкерлер әкімшілік соттарда сот процестердің көбінде жеңіске жетіп жүр. Кәсіпкерлер ғана емес, халық та бұл құралды белсенді қолданып жүр, өйткені ол іс жүзінде жұмыс істейді.  Бір жағынан бұдан мемлекеттік органдарға да пайда бар. Өйткені сот істеріндегі оң статистика мемлекеттік органдар қызметінің айнасы. Егер мемлекетткі органдар соттардың басым бөлігінде жеңілсе, демек белгілі бір қорытынды жасап, проблемалық тұстарды анықтап, оларды шешу үшін жұмыс істеу керек», – деп қосты спикер.

Өткен жыл бойынша «Төрелік» ақпараттық жүйесінің мәліметтеріне сәйкес, бірінші интстанция соттарда барлық істің 57%-ы бизнестің пайдасына шешілген. Жергілікті атқарушы органдарға қатысты талаптардың 62%-ы толық және ішінара қанағаттандырылды. Сондай-ақ, 2022 жылы кәсіпкерлер мен орталық мемлекеттік органдар арасындағы даулар бойынша 1 742 шешім шығарылды, оның ішінде бизнесмендер талаптарының 57%-ы толық және ішінара қанағаттандырылды. Қаржы министрлігі, экология, геология және табиғи ресурстар министрлігі, еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі және ауыл шаруашылығы министрлігіне қатысты шағымдардың көбі қанағаттандырылды.

«Бұл кәсіпкерлер үшін өзінің адалдығын дәлелдеуге үлкен мүмкіндік. Бизнестің өтініштеріне қарасақ, тиімділігі бар», – деп қорытындылады «Атамекен» ҰКП Кәсіпкерлерді құқықтық қорғау департаментінің директоры.

 

 


Еншілес ұйымдар

Серіктестер