astana-view

«Атамекен» ҰКП кәсіпкерлерді шетелге тағылымдамаға жіберіп жатыр

2023 жылғы 13 Маусым
3790 просмотров

 Астанада өткен кездесуде шағын және орта бизнес өкілдеріне кәсіпкерлікті дамыту жөніндегі 2021-2025 жылдарға арналған ұлттық жоба шеңберінде бизнесті қаржылай емес қолдау шаралары туралы айтылды.

Мемлекет кәсіпкерлерге ұсынған қолдау құралдарды Ұлттық экономика, Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрліктері, Елорда әкімдігі, «Атамекен» Ұлттық кәсіпкерлер палатасы, «Даму» қорының, Astana корпорациясы, «Аграрлық несие корпорациясы» АҚ, Kazakh Tourism, Kazakh Export компаниялары және қаржы институттарының өкілдері таныстырды.

 Ұлттық жобаның басты қатысушыларының бірі, мемлекет пен бизнес арасындағы белсенді дәнекер – «Атамекен» кәсіпкерлер палатасының жұмыс істеп тұрған кәсіпкерлер мен өз ісін ашқысы келетін адамдарды сервистік қолдауда көп жылдық тәжірибесі бар.

Тегін консультацияларды бүкіл ел бойынша 20 өңірде  Кәсіпкерлерге қызмет көрсету орталықтарынан, «Атамекен» ҰКП-ның өңірлік бөлімшелеріне барып, g4b.kz веб-портал арқылы онлайн алуға болады.

Бухгалтерлік, салықтық, статистикалық есептілікті жүргізу мәселелері бойынша көмек, заң консультациялары, конкурстық рәсімдерде қолдау, екінші деңгейдегі банктерде қаржыландыру үшін құжаттарды дайындауды сүйемелдеу, бизнес-жоспарларды әзірлеу жөніндегі қызметтер тұрақты сұранысқа ие.

 «Біз кәсіпкерлерімізге шетелдік әріптестерімен байланыс орнатуға және тәжірибе алмасуға көмектесеміз. Өткен жылы «Іскерлік байланыс» арнайы бағдарламамыз арқылы 32 кәсіпкер Германияда тағылымдамадан өтті. Қазір біз Жапония мен Оңтүстік Кореяның іскер топтарымен осындай тәжірибе алмасу бойынша келіссөздер жүргізіп жатырмыз», – деді Атамекен ҰКП жұмыспен қамту және шағын және әйелдер кәсіпкерлігін дамыту департаментінің басқарушы директоры Айдана Тоғызбаева.

«Атамекен» ҰКП қолдауымен кәсіпкерлікті дамыту жөніндегі ұлттық жобаның қолданылу кезеңінде 5 544 шағын және орта бизнес субъектісі ашылып, жалпы сомасы 66,9 млрд теңгеге 6 320 жоба сүйемелденді, 6 494 жұмыс орны құрылды. «Атамекеннің» көмегімен шетелдік серіктестермен 138,0 млн еуро сомасына 2 келісімшарт жасалды.

 

 


Еншілес ұйымдар

Серіктестер