astana-view

Үй маңындағы дүкендер ҚҚС шегін асырғаны үшін айыппұлдан босатылуы мүмкін

2023 жылғы 16 Маусым
5482 просмотров

Дереккөз: informburo.kz

Қазіргі кезде «Атамекен» Ұлттық кәсіпкерлер палатасы  Қаржы, Ұлттық экономика және Әділет министрліктерімен бірлесе отырып, үй маңындағы дүкен иелерін жыл басынан ҚҚС шегін асырғаны үшін айыппұлдардан босату жолдарын қарастырып жатыр.

Бірнеше нұсқа қарастырылу үстінде. Олардың ішінде 2021 жылдан бастап ретроспективті түрде бөлшек салықты енгізу, айыппұл мөлшерлемесін 15%-дан 3%-ға дейін төмендету бөлігінде Әкімшілік кодекске ретроспективті өзгерістер енгізу, сондай-ақ Салық кодексіне 2020 жылдан 2023 жылға дейін ретроспективті түрде ҚҚС бойынша шекті арттыруға мүмкіндік беретін өзгерістер енгізу.

«Атамекен» ҰКП басқарма төрағасының орынбасары Тимур Жаркенов бөлшек салықты тарату бойынша бұрын ұсынылған нұсқа қоғамдық тамақтану саласындағы бизнестің проблемаларын ретроспективті түрде шешетінін атап өтті.

 «Бұл шараның артықшылығы да, кемшілігі де бар. Басты артықшылығы ол қазір біз анықтаған адамдардың 20-60%-ын қамтиды. Бірақ бұзушылықтар одан да көп болуы мүмкін. Тиісінше, 60% – бұл тек тамақтану саласын қамтитын алдын-ала көрсеткіш. Бұл шешім мәселелердің маңызды бөлігін шешеді, бірақ үй маңындағы дүкендердің бүкіл сегменті, яғни сауда құлдырайды. Қоғамдық тамақтану, үй маңындағы дүкендер, денсаулық сақтау және т.б. мәселелерін шеше алатын басқа да нұсқаларды қарастыру қажет», – деп атап өтті Тимур Жаркенов ҚҚС бойынша уақтылы есепке қойылмағаны үшін айыппұл санкциялары мәселелері жөніндегі жиында.

Айта кету керек,  көп кәсіпкердің проблемасын Салық кодексінің 82-бабына енгізілген ретроспективті өзгерістер шеше алады. Бұл жеңілдетілген декларацияны қолданатын жеке кәсіпкерлер үшін ҚҚС шегін 124 184 еселенген АЕК-ке дейін арттырады, осылайша шағын бизнесті миллиондаған айыппұлдан босатады.

«Біз 2021 жылдан бері бөлшек салықты ретроспективті түрде қолдануды ұсынған бірінші нұсқаны нарық қаламайды. Біз оны алып тастаймыз. ӘҚБтК бойынша айыппұлдар оны төмендетпейтінін түсіндік. Мәселені шешудің үшінші нұсқасы – үш компонентті интеграцияланған жүйены қоспағанда 82-бап. Бірақ бұл уақытша норма болады. Міне, үш нұсқа. Содан кейін «Атамекеннің» 82-бапқа өзгерістер енгізу туралы ұсынысын пысықтайтын боламыз. Бәріміз бірга талқылаймыз. Бірақ бұл уақытша норма болады», – деді ҚР Қаржы вице-министрі Ержан Біржанов.

Сонымен қатар, ҰКП мамандары бұл мәселе тез арада шешуді талап ететінін атап өтті. Өйткені қомақты айыппұлдарды төлеу негізінен отбасылар айналысатын микробизнеске соққы жасап жатыр. Мұндай бизнес түрінен жүргізушілер, экспедиторлар, сатушылар табыс тауып отыр.

Еске салсақ, жыл басынан бері кәсіпкерлерге ҚҚС шегінен асып кеткені үшін есептелген айыппұлдар туралы хабарламалар келе бастады. 2022 жылдың 1 қаңтарынан бастап ҚҚС шегі 30 мың АЕК-тен 20 мың АЕК-ке дейін төмендетілді. Оның төмендеуі азық-түлік бағасының өсуіне әкелді. ҚҚС бойынша шектен мыңдаған кәсіпкер асып түсті.


Еншілес ұйымдар

Серіктестер