astana-view

Жайлы мектеп салу бойынша конкурстық құжаттамаға өзгерістер енгізілді

2023 жылғы 17 Маусым
5105 просмотров

«Samruk-Kazyna Construction» АҚ алаңында «Атамекен» Ұлттық кәсіпкерлер палатасы  «Жайлы мектеп»  ұлттық жобасын іске асыру мәселелерін талқылау бойынша кездесу өткізді. Онда мынадай уағдаластықтарға қол жеткізілді:

- төленген салықтар бойынша талаптар лицензияның 1-санатты мектептері үшін конкурстық өтінім бағасын әр жыл үшін 1%-ға (бір пайыз) шартты түрде төмендетуді қолдану мақсатында әр жыл үшін 500 млн теңгеден 300 млн теңгеге дейін төмендетілді, бірақ 5%-дан аспайды;

 - әлеуетті өнім берушілердің техника мен жабдықты жасалған жалдау келісімшарттарының орнына техника мен жабдықты жалға алуға ниет келісімшарттарын ұсынуына, сондай-ақ Қоршаған ортаға әсерді бағалау және іздестіру қызметіне лицензиялардың болуын растау ретінде жол беріледі.

 Осы өзгерістердің барлығы талқылау кезеңінде, сондай-ақ өтінімдерді қабылдау кезінде келіп түскен әлеуетті өнім берушілердің өтініші негізінде енгізілді. Бұл келісімшарттар біліктілік талаптарына сәйкес келетін әлеуетті өнім берушілер шеңберін ұлғайтуға мүмкіндік береді және әлеуетті өнім берушілер арасында ең үлкен бәсекелестік үшін жағдай жасайды.

 Осы ретте конкурстық өтінімдерді берудің соңғы мерзімі 2023 жылғы 19 маусымнан бастап 26 маусымға 5 жұмыс күніне ұзартылды.


Еншілес ұйымдар

Серіктестер