astana-view

 Мәлік Сәулебай премьер-министрмен кездесуде бизнестің есептілігін модернизациялау қажеттігі туралы айтты

2023 жылғы 17 Маусым
4746 просмотров

Бүгін ҚР премьер-министрі Әлихан Смайылов және «Атамекен» ҰКП басқарма төрағасының орынбасары Мәлік Сәулебайдың қатысуымен кәсіпкерлік қызметке «таза парақтан» реттеуді енгізуге қатысты жиын өтті.

 «Ұлттық экономика министрлігімен бірлесіп, біз Мемлекет басшысының жаңа реттеуші саясатты енгізу жөніндегі тапсырмасын сапалы іске асыру бойынша жұмысты жалғастырып келеміз. Бірыңғай пулға енігізілген  барлық түзетуді бизнес-қоғамдастық тарапынан салалық топтардың мүшелері пысықтады. Бизнес-қоғамдастық атынан мемлекеттік органдардың өкілдеріне алғысымды білдіремін. Талқылау кезінде бизнестің пікірі ескерілді. Сондай-ақ, «Атамекен» ҰКП елімізде жүргізіліп жатқан реформаларды бизнеске түсіндіруге белсенді қатысуды жалғастырып жатыр», – деді Мәлік Сәулебай.

Спикер Ұлттық алата ақпараттық арналар арқылы кәсіпкерлерге заңнамадағы жаңашылдықтарды жеткізіп отыратынын айтты.

 «Сонымен қатар өзгерістердің үлкен блогының бірі мемлекеттік бақылау және қадағалау жүйесін жетілдіруге қатысты. Сонымен қатар, бизнес-қоғамдастықпен бірлесіп салалық мәселелер бойынша ұсыныстар дайындалды. ҰКП өкілдері Мәжілістің жұмыс тобына енгізілді. Барлық жиынға салалық қауымдастықтардың өкілдері шақырылады. Қазірге дейін  6 жиналыс өткізіліп, 446 түзету қаралды, оның 254-і мақұлданды. Бұл бағыттағы жұмыс жалғасады, – деп атап өтті спикер.

 ҰКП басқарма төрағасының орынбасары мемлекеттік бақылау мен қадағалауды автоматтандыру туралы айта келе, Ұлттық палата сарапшыларының қатысуымен реттеудің жаңа тәсілдерін енгізу бойынша жұмыстарға сараптамалық-консультациялық сүйемелдеу жүйелі түрде жүргізіліп жатқанын хабарлады.

«Әл күнге дейін ҰКП-ның қарауына бұйрықтар жобалары түсіп жатыр. Онда жаңа тәсілдемелер ескерілмеген.  Мұндай жобалар бойынша Ұлттық палатаның теріс қорытындысы жіберіледі. Есептілікті автоматтандыруға келетін болсақ, «таза парақтан» реттеу шеңберінде бизнесті мемлекеттік реттеуді жаңғырту жалғыз мақсат емес. Бизнестің есептілігі мәселесінде де жаңғырту қажет. Бұл бағытта да көптеген проблема бар. Мемлекеттік органдардың дерекқорларының өзара толық ашықтығы мен интеграциясы жоқ, түрлі мемлекеттік органдар тарапынан бірдей ақпаратты қайталап сұрау фактілері орын алады», – деді Мәлік Сәулебай.

Ұлттық палатаның мәліметінше, ақпараттық құралдардың тізімі толық емес. «Атамекен» ҰКП төрағасы орынбасарының айтуынша, талаптарды тексеру алгоритмі бойынша барлық ақпараттық құралға ревизия жүргізу қажет. Бұл ретте қайталануды анықтау мақсатында бизнес міндетті түрде мемлекеттік органдарға ұсынатын қолда бар ақпараттық құралдарға практикалық бағалау жүргізу қажет.

 «Бұл шара кәсіпкерден ақпарат жинаудың бүкіл жүйесін автоматтандыруға және бизнеске қажетсіз жүктемені жоюға көмектеседі. Бұл жұмыс Ұлттық экономика мен Цифрлық даму министрліктеріне жүктелуі тиіс. «Атамекен» ҰКП осы жұмысқа барлық жағынан жәрдемдесуге, сондай-ақ қолда бар ресурстарды ескере отырып, бизнес-қоғамдастықты жұмылдыруға дайын», – деп түйіндеді Мәлік Сәулебай.

 


Еншілес ұйымдар

Серіктестер