Биыл қандай кәсіпкерлер Германияға тағылымдамаға бара алады?
2021-2025 жылдарға арналған кәсіпкерлікті дамыту жөніндегі ұлттық жоба шеңберінде «Атамекен» Ұлттық кәсіпкерлер палатасы кәсіпкерлікті қаржылай емес қолдау операторы ретінде «Іскерлік байланыс» құралын іске асырып жатыр. Халықаралық шетелдік ұйымның қолдауымен бұл құрал шетелде тақырыптық бизнес-тағылымдамадан өту, сондай-ақ ұқсас бейіндегі кәсіпорындарға баруды көздейді.
Бағдарлама сонымен қатар шетелдік серіктестермен мынадай мәселелер бойынша іскерлік байланыс орнатуға бағытталған:
1) технологиялар трансферті және жабдықтар сатып алу;
2) тауарларды, жұмыстар мен көрсетілетін қызметтерді өзара жеткізу;
3) франшиза сатып алу;
4) бірлескен кәсіпорындар құру.
Қазіргі кезде «Атамекен» ҰКП халықаралық шетелдік ұйыммен бірлесіп «Іскерлік байланыс» құралы бойынша Германия Федеративтік Республикасында бизнес-тағылымдамадан өту үшін өтінімдерді қабылдауды бастады.
Өтінім қабылдау 2023 жылғы 26 маусымға дейін «Атамекен» өңірлік кәсіпкерлер палаталары арқылы облыс орталықтарында, республикалық маңызы бар қалаларда және Астанада жүзеге асырылады.
Тағылымдама экономиканың мынадай секторларында жұмыс істейтін компания басшыларына арналған:
- ауыл шаруашылығы;
- тамақ өнеркәсібі;
- жасыл экономика.
Қатысушыларға қойылатын критерийлер:
- өз қызметін экономиканың жоғарыда аталған секторларында жүзеге асыратын шағын және орта кәсіпкерлік субъектілері;
- келіссөздер жүргізу, басқарушылық шешімдер қабылдау өкілеттігі бар жоғары буын;
- жылдық орташа табысы 10 000 (он мың) айлық есептік көрсеткіштен кем емес кәсіпорындар.
«Іскерлік байланыс» құралына қатысу мынадай кезеңдерден тұрады:
- Шағын және орта кәсіпкерлік субъектілерінен өтінімдерді қабылдау;
- Қабылданған өтінімдер бойынша «Атамекен» ҰКП халықаралық шетелдік ұйыммен бірлесіп, жобаларды қорғауды ұйымдастырады және қатысушылар әзірлеген үздік жобаларды іріктеуді жүргізеді.
Жобаларды іріктеудегі критерийлер:
- кооперациялық жоба;
- қатысушының басқарушылық біліктілігі;
- шетелдік кәсіпорындармен кооперация;
- кәсіпорындар;
- үздік жобаларды іріктеу халықаралық шетелдік ұйым 3 апталық онлайн оқыту өткізеді;
- оқыту қорытындысы бойынша «Іскерлік байланыс» құралына қатысушылар Германияда 2 апталық тақырыптық бизнес-тағылымдамадан өтеді.
Қазақстан Республикасының аумағында шетелдік тағылымдамаға ұшып шығу пунктіне дейінгі халықаралық көлік шығыстары, тұру және көлік шығыстары қатысушылардың өз қаражаты есебінен қаржыландырылатынын атап өткен жөн. Ал тұру шығыстары, Германия ФР аумағындағы орналасу, көлік шығыстары (тағылымдамаға байланысты), медициналық сақтандыру және екі рет тамақтану (таңғы және түскі ас) халықаралық шетелдік ұйымның қаражаты есебінен өтеледі.
«Іскерлік байланыс» құралы аясында 2023 жылы қазақстандық кәсіпкерлер үшін екі салалық топ қарастырылған.
Для предпринимателей из Казахстана в 2023 году в рамках Инструмента «Деловые связи» планируется две отраслевые группы.
(1) ауыл шаруашылығындағы экономикалық кооперация/ Smart Farming (ақылды ауыл шаруашылығы) және тамақ өнеркәсібі (орыс тілі). Соның ішінде, ең алдымен, ақылды егіншілікте пайдалану үшін бағдарламалық жасақтаманы іздеген немесе неміс серіктестерін қызықтыруы мүмкін өзінің тиісті әзірлемелері бар технологиялық компаниялар.
(2) Жасыл экономика саласындағы экономикалық кооперация (Жасыл экономика) (орыс тілі). «Жасыл» технологияларға қоршаған ортаны қорғауға және ресурстарды тұтынуды азайтуға қызмет ететін өнімдер, процестер мен қызметтер кіреді. Яғни, мұнда біз салааралық секторлар туралы айтып отырмыз.
Ауыл шаруашылығы
Германияға келу – қыркүйектің басы
Қатысушылар Германиядағы ақылды егіншілік пен азық-түлік өндірісіндегі өзекті тенденциялар, мүмкіндіктер мен міндеттермен танысады. Органикалық егіншілік, тұрақты ауыл шаруашылығы, ауыл шаруашылығы өнімдерін сертификаттау, сондай-ақ жеміс-көкөніс өндірісінен ет өндірісіне дейінгі тамақ өнеркәсібінің барлық спектрі қарастырылады.
Бағдарлама бірінші кезекте жоғары және орта деңгейдегі басшыларға бағытталған:
- өз кәсіпорындарында ақылды, дәл, нүктелі және тік егіншіліктің (smart, precision, spot, vertical farming) түрлі салаларында инновациялық неміс әзірлемелерін енгізуге негізделген ниеті бар аграрлық сектор кәсіпорындары, сондай-ақ бірінші кезекте пайдалану үшін бағдарламалық қамтамасыз етуді іздейтін технологиялық компаниялардың жоғары және орта деңгейдегі басшылары ақылды егіншілікте немесе неміс серіктестерін қызықтыруы.
-тамақ өнеркәсібі кәсіпорындары: сүт, ет, жеміс-көкөніс, ұн-жарма, нан-тоқаш, кондитерлік, май және басқа да тамақ өнімдерін өндірушілер, сондай-ақ ауыл шаруашылығы өнімдерін жеткізуші кәсіпорындар, оның ішінде халықаралық нарықтарға шығушы кәсіпорындар.
Кәсіпорындар ақылды ауыл шаруашылығы, тамақ өнеркәсібі технологиялық жабдықтарын өндірушілер және жеткізушілермен ынтымақтастық пен байланыс орнату, тамақ өнімдерін өндіру, қаптау, сақтау және тасымалдау процестерін механикаландыруға және автоматтандыруға мүдделі болуы керек.
Жасыл экономика
Германияға келу – қарашаның соңы
Топқа орыс тілінде сүйемелдеу көрсету жоспарланған. EABW білім беру орталығы.
Қатысушылар Германиядағы «жасыл» экономика саласындағы өзекті тенденциялармен танысады. «Жасыл» технологияларға қоршаған ортаны қорғауға және ресурстарды тұтынуды азайтуға қызмет ететін өнімдер, процестер мен қызметтер кіреді. Яғни, мұнда біз салааралық секторлар туралы айтылып отыр.
Бағдарлама бірінші кезекте жоғары деңгейдегі басшыларға бағытталған. Атап айтқанда:
- жаңартылатын көздерден энергия беретін немесе күн батареялары мен модульдері, жел турбиналары, жел электр станцияларын өндіретін немесе өндіруді жоспарлайтын энергетикалық компаниялар;
- Энергетика секторымен жұмыс істейтін, әсіресе энергия тиімділігіне баса назар аударып отырған сервис және консалтингтік компаниялар;
- ауыл шаруашылығы қалдықтарын (органикалық қалдықтарды) немесе өнеркәсіптік қалдықтарды энергия немесе жаңа өнімдер/шикізат өндіру үшін пайдалануға мүдделі компаниялар;
- Ағынды суларды басқару саласындағы компаниялар;
- айналмалы экономикаға, таза өндіріске, эко-дизайнға, эко-қаптамаға қызығушылық танытатын компаниялар.
Пікір қалдыру:
Пікірлер: