astana-view

Қазақстанда бизнеске арналған жобалық басқару бойынша ұлттық байқау жарияланды

2023 жылғы 26 Маусым
6208 просмотров

Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігі «Qazaqstan Project Management Awards-2023» жобалық басқару жөніндегі ұлттық байқаудың басталғаны туралы хабарлады. Байқау мемлекеттік органдар, квазимемлекеттік сектор ұйымдары, бизнес-қоғамдастық, үкіметтік емес ұйымдар мен жоғары оқу орындарына арналған.

 Ұлттық байқау өз қызметіне жобалық менеджменттің әдістері мен құралдарын белсенді енгізетін мемлекеттік органдар мен ұйымдарға қолдау көрсетуге арналған. Байқау ұйым қызметкерлерінің лидерлік және жаңа біліктіліктерді дамытудағы мотивациясын арттыруға бағытталған. Тәжірибе көрсеткендей, Ұлттық байқау процесіне қатысу және қызығушылық таныту қатысушылардың жобалық жетілуін арттырады.

 Байқау «Үздік жобалық кеңсе», «Үздік жоба» және «Үздік жобалық менеджер» номинациялары бойынша өтеді.

Сондай-ақ, «Үздік гендерлік жоба», «Үздік жоба – балаларға мейіріммен»; «Үздік PM-тренер (консультант)» номинациялары шеңберінде арнайы сыйлықтармен марапатталатын жеңімпаздар айқындалады. Әр номинацияда «алтын», «күміс» және «қола» жеңімпаздары анықталады. Қорытындылау 2023 жылғы 14-16 қыркүйекте Digital Bridge халықаралық форумының алаңында жүргізіледі.

 Бір ұйымнан бірнеше өтінім жіберуге болады.

Барлық сұрақ бойынша «Цифрлық басқаруды қолдау орталығына» хабарласуға болады – Айтқожина Айгүл (87774734271), Маликова Айгерім (87782286890), Әскерова Тоғжан Амантайқызы (87072152288).


Еншілес ұйымдар

Серіктестер