Алматыда Қытай тауарларының көрмесі өтеді
Көрмеге 200-ден астам қытайлық компания қатысады.
Алматы қаласының кәсіпкерлер палатасы кәсіпкерлерді 3-5 шілде аралығында Атакент ЭКСПО орталығында өтетін Қытай тауарларының көрмесіне шақырады.
Негізгі салалар:
1. Электромобильдер, ауыл шаруашылығы техникасы, жабдықтар мен өнімдер.
2. Автокөлік бөлшектері, металл құралдар, құрылыс материалдары, жарықтандыру құрылғылары, ванна және ас үй керек-жарақтары, жиһаз және т.б.
3. Тұтыну тауарлары, тоқыма керек-жарақтары, аяқ киім және бас киімдер, сөмкелер, тамақ өнімдері, тұрмыстық техника, электр тауарлары және т.б.
Биыл көрмеге Қытайдың Чжэцзян, Шаньси, Гуандун,Шаньси, Хэнань, Цинхай, Шыңжаң - Ұйғыр автономиялық ауданы, Ляонин, Нинся, Хубэй провинцияларынан 200-ден астам компания қатысады.
Бұл көрме Қытаймен іскерлік байланыс орнатудың және жаңа серіктестер табудың бірегей мүмкіндігі. Екі тарап үшін де нәтижелі болатын тиімды B2B кездесулері күтілуде.
Тіркелу сілтемесі: https://docs.google.com/forms/d/1qOR5TasiT53DVoYVe0-HTJ8BbeFbQUdzmDm0X7vSIBA/edit
Пікір қалдыру:
Пікірлер: