Алматы облысында өз есігін «Altynemel» визит-орталығы ашты
Алматы облысында "Алтын-Емел" ұлттық табиғи саябағында визит-орталықтың ашылуы өтті. Салтанатты рәсім қонақтарын музыканттардың қазақ классикасының сүйікті шығармаларын шебер орындауымен қарсы алды.
Визит-орталық - бұл архитектурасы мен түстер палитрасының арқасында қоршаған табиғатпен үйлесімді заманауи құрылым. Мұнда туристер ұлттық саябақ, маршруттар, болу ережелері туралы ақпарат ала алады, сертификатталған гидтердің қызметіне тапсырыс беріп, туристік жабдықты жалға алады, жергілікті өндірілген кәдесый өнімдерін сатып алып, сонымен қатар тамақтану пунктіне бара алады.
Ұйымдастырушылар визит-орталықтарының мақсаты туристерге қолайлы жағдай жасау, ішкі туризмді дамыту және жаңа жұмыс орындарын ашу екенін атап өтті. Олардың айтуынша, орталықта жұмыс істеудің негізгі үш аспектісі – қауіпсіздік, жайлылық және ақпарат.
Жаңа орталықтың ауданы 300 шаршы метрден асады, оның құрылысы өткен жылы басталған еді.
Визит-орталықтың жанында глэмпингтер мен түнеуге арналған кемпинг алаңы, сондай-ақ жабдықталған автотұрақтар, туристер ұлттық парк мекендеушілерін бақылай алатын мұнара орнатылған.
Айта кетейік, «Алтын-Емел» мемлекеттік ұлттық табиғи саябағы 1996 жылы құрылған. Оның ауданы 4 мың 600 шаршы шақырым. Саябақтың флорасында өсімдіктердің 1800-ге жуық түрі бар, олардың 20-дан астамы Қазақстанның Қызыл кітабына енгізілген. Өткен ғасырдың 80-жылдарында бірнеше ондаған түрікмен құландары Барсакелместен осында жеткізілген болатын. Қазір олардың саны 4 мыңға жетті. Бірақ саябақтың мақтанышы –әлі де қарақұйрықтар мен барыстар.
Алматы облысы Кәсіпкерлер палатасының салалық даму жөніндегі басқарушы директоры Дүйсекенов Ержан бұл визит-орталық туристерді тартудың негізгі нүктесі ғана емес, сонымен қатар қонақтарды біздің жеріміздің тарихы мен табиғи мұрасымен таныстыруға мүмкіндік беретінін, бірегей экожүйелерді сақтауға және экологиялық туризмді дамытуға көмектесетінін атап өтті.
Айта кететін жәйт, «Атамекен» ҰКП экологиялық маңыздылығын, саябақтар аумағында кәсіпкерлікті дамыту мүмкіндіктерін, рекреациялық жүктеме мен тұрақты туризм нормаларын сақтауды ескере отырып, Қазақстандағы барлық ұлттық саябақтардың дамуын қолдайды.
Пікір қалдыру:
Пікірлер: