astana-view

Денсаулық сақтау министрлігі кәсіпкерлердің отандық фармацевтикалық өндірісті қолдау бойынша ұсыныстарын мақұлдады

2023 жылғы 03 Шілде
5780 просмотров

 ҚР Денсаулық сақтау министрінің «Атамекен» ҰКП басшылығымен кездесуінде ТМККК/МӘМС шеңберінде көрсетілетін медициналық қызметтерге ақы төлеудің қолданыстағы тәсілдері қаралды. Сонымен қатар медициналық ұйымдардың қызметін реттеу және фармацевтикалық және медициналық өнеркәсіп секторын реттеуге байланысты түйткілді мәселелер талқыланды.

 3 шілдеде ҚР отандық кәсіпкерлер кеңесінің отырысына дайындық аясында ҚР Денсаулық сақтау министрі және «Атамекен» ҰКП басшылығының денсаулық сақтау секторының түйткілді мәселелерін талқылау бойынша кездесуі өтті.

Кездесуде ТМККК/МӘМС шеңберінде көрсетілетін медициналық қызметтерге ақы төлеудің қолданыстағы тәсілдеріне, медициналық ұйымдардың қызметін реттеуге және фармацевтика және медицина өнеркәсібі секторын реттеуге байланысты проблемалық мәселелер қаралды.

Қазақстанда 158 фарм өндіріс жұмыс істейді, оның 42 - сі дәрілік заттарды өндіруге маманданған, 116-сы медициналық мақсаттағы бұйымдарды өндірушілер. 2022 жылы қазақстандық дәрілік заттар мен медициналық бұйымдар нарығының көлемі 921,1 млрд теңгені құрады, оның ішінде отандық өндірушілердің өндіру көлемі – 162,6 млрд.теңге.

 Ұлттық палата мамандары 12 мәселені қарауға шығарды. Бұл мәселелердің  басым бөлігі министр тарапынан қолдау тапты. Атап айтқанда, министр дәрі-дәрмектер мен медициналық бұйымдардың нарыққа шығуы процедураларын оңтайландыру қажеттілігі туралы мәселені қолдады. Бұл процедура бүгінде 5 жылға созылады. Фармацевтикалық тауарлардың нарыққа шығу рәсімдерін оңтайландыру мәселесі қазір жұмыс үстінде. Сонымен қатар «Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы» ҚР Кодексіне түзетулер пакеті дайындалды. Сондай-ақ, денсаулық сақтау министрлігі бизнес-қоғамдастықпен бірлесіп, ЕАЭО талаптарына сәйкес дәрілік заттар мен медициналық бұйымдарды реттеуді бөлу бойынша түзету пакетін әзірледі.

Министрлік «Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы» ҚР кодексіне медициналық бұйымдардың оңтайлы техникалық сипаттамалары мен клиникалық-техникалық негіздемесін жүргізу құзыретін бәсекелестік ортаға беру бөлігінде түзетулер дайындаған. Өйткені сараптама ұйымының осы функцияларды монополиялауы бизнестің жұмысын айтарлықтай баяулатты.

 Министрлік ЕАЭО бірыңғай нарығы жағдайында өз өнімдерінің бәсекелестігін арттыру үшін отандық өндірушілерге қолдау шараларын ұсыну қажеттілігі жөнінде ұсыныстарды қолдады.

 ТМККК/МӘМС шеңберінде көрсетілетін медициналық қызметтерді төлеу және медициналық ұйымдардың кредиторлық берешегінің өсуі, сондай-ақ 2023 жылғы ақпан-мамыр кезеңінде көрсетілген медициналық қызметтер үшін қайта есептеу жүргізу ҚР Денсаулық сақтау бірінші вице-министрінің басшылығымен әлеуметтік медициналық сақтандыру қорының алаңында егжей-тегжей қаралатын болады. Министр қолда бар ақауларды оңтайландыру және медициналық қызметтердің жылдық көлемі және Әлеуметтік медициналық қормен келісімшарт сомасын бөлу тәсілдерін қайта қарау қажеттілігін қолдады.

 

 


Еншілес ұйымдар

Серіктестер