astana-view

Таза парақтан: Жаңа реттеуші саясат отандық бизнеске қалай көмектеседі

2023 жылғы 07 Шілде
4201 просмотров

Қазіргі кезде бизнеске талаптар ғана емес көп есеп тапсыру жүктеледі. «Атамекен» ҰКП бизнес-реттеу департаментінің сарапшысы Айша Смағұлова Atameken Business телеарнасының эфирінде Ұлттық палата осы есептілікті қысқарту үшін салалық министрліктермен бірлесіп қандай жұмыс жүргізіп жатқаны туралы айтты.   

 «Мемлекет басшысының тапсырмасына сәйкес Ұлттық кәсіпкерлер палатасы ҚР ҰЭМ-мен бірлесіп 2,5 жыл бойы таза парақтан реттеуді енгізу бойынша жұмыс жүргізіп жатыр. Қазір біз реттеуші актілерге жүргізілген талдауды қайта қарауды аяқтадық. Бұл жұмысқа жүзден астам сала сарапшы, сондай-ақ бизнес-қоғамдастық өкілдері қатысты. Бұл жұмысқа бизнес өкілдерін қандай талаптар өзекті, қандай талаптар орынсыз екенін білу үшін тарттық», – деді ҰКП бизнес-реттеу департаментінің сарапшысы.

Спикердің айтуынша, бұл шара бизнес үшін осы процестерге қатысудың бірегей мүмкіндігі болды. Ол сондай-ақ «Атамекен» ҰКП бизнес пен сала сарапшыларының белсенді қатысуы бизнес үшін тиімді болғанын атап өтті. Осылайша, талқылау кезінде бизнестің пікірі ескерілді.

«Талдау қорытындысы бойынша кәсіпкерліктің 44 саласында жаңа реттеуші саясаттың базалық шарттарына сәйкес келмейтін 2 мыңнан астам акті мен 10 мыңнан астам талап анықталды. Біз жұмысты бизнес үшін түсінікті және орындалатын талаптар ғана қалатындай етіп құрдық. Алайда, бұл жұмыс әзірге аяқталған жоқ. Қазір жұмыстың екінші кезеңі – заңнамалық актілерге өзгерістер енгізу жүріп жатыр», – деп толықтырды Айша Смағұлова.

Ол сондай-ақ бизнес үшін есептілікті жеңілдету мәселелерінде мемлекеттік органдар тарапынан белгілі бір жұмыс жүргізіліп, бірақ ол әлсіз іске асып жатқанын атап өтті.

«Біздің ойымызша, бұл жұмысты жандандыру үшін терең модернизация қажет. Ұлттық палатада бұл мәселе бірнеше рет көтерілді, және біз Ұлттық экономика министрлігіне есептілікті қысқарту жөніндегі жұмысты реттеуші актілерді талдауды қайта қарау сияқты жолға қою керегі туралы хат жаздық. Яғни, орталық деңгейде де, жергілікті жерлерде де бизнес өкілдері, салалық сарапшылар, мемлекеттік органдар өкілдерінің қатысуымен жұмыс тобын қалыптастыру қажет. Олардың көмегімен есеп беру нормалары бар нормативтік-құқықтық актілердің толық тізімін құруға болады. Біз НҚА-ны түгендеп, сапалы ревизия жасағаннан кейін ғана апалы автоматтандыру мен интеграцияны жүргізе аламыз», – деп қорытындылады сарапшы.  Таза парақтан:  Жаңа реттеуші саясат отандық бизнеске  қалай көмектеседі


Еншілес ұйымдар

Серіктестер