astana-view

Бизнес-қоғамдастық мемлекеттік сатып алу туралы заңнаманы әзірлеуге қатысуы керек – Ұлттық палата

2023 жылғы 10 Шілде
4503 просмотров

Мемлекеттік сатып алу туралы жаңа заң жобасы әзірленді. Қазір Мемлекеттік сатып алуды жүзеге асыру қағидалары да дайын болып қалды. Бұл құжат әлеуетті өнім берушілердің рейтингі және шағын және орта бизнес субъектілерінен сатып алынатын тауарлар, жұмыстар мен көрсетілетін қызметтердің тізбесі сияқты новеллалар туралы неғұрлым егжей-тегжей ақпаратты қамтитын болады. Осыған байланысты «Атамекен» Ұлттық кәсіпкерлер палатасы бизнес-қоғамдастықты осы құжаттарды әзірлеуге тартуды талап етеді. Өйткені Қағидаларда жазылған шаралар бүкіл Қазақстан кәсіпкерлерінің қызметіне тікелей қатысты болады.

ҰКП мамандары қағидаларды әзірлеу жөніндегі жұмыс тобына қатысу үшін өз кандидатурасы, сондай-ақ құжаттарды талқылауға арналған алаңды ұсынуға дайын екенін атап өтті.

«Мемлекеттік сатып алу туралы жаңа заң жобасында жазылған өзгерістер мемлекеттік органдар тарапынан да, бизнес-қоғамдастық тарапынан да, мемлекеттік сатып алу саласында практикалық тәжірибесі бар заңгерлер тарапынан да мұқият зерделеуді талап етеді. Сондықтан біз Ұлттық палата ретінде кәсіпкерлерге тікелей қатысты бар нормаларды әзірлеуге өз сарапшыларымызды тартуды талап етеміз», – деп санайды «Атамекен» ҰКП басқарма төрағасының орынбасары Мұрат Амрин.

Спикер мысал ретінде келісімшарттың орындалуын қамтамасыз ету (аванс, демпингке қарсы соманы қамтамасыз ету) жөніндегі норманы келтірді.  Кәсіпкерлердің пікірінше, ол Мемлекеттік сатып алу туралы жаңа заңда көзделгендей ережелерде емес, заң деңгейінде бекітілуге тиіс.

Мұрат Амриннің айтуынша, қоғамдық мониторинг қабылданатын өзгерістердің сапасын бақылауға және қажет болған жағдайда оларды жедел түзетуге мүмкіндік береді.

«Экономикалық көрсеткіштердің тұрақсыздығын, сондай-ақ сыртқы саяси жағдайдың тұрақсыздығын ескерсек, Мемлекеттік сатып алу туралы заңда сатып алу процесіне қойылатын негізгі талаптар болуы керек, ал оларды нақтылау заңға тәуелді актілер деңгейінде болуға тиіс. Тәжірибе көрсеткендей, қолданыстағы формат өзгерістерге тез бейімделе алмайды, ал Заңның шектеулі функциялары, оның қатаң уақыт шеңбері және жылдам түзету мүмкіндігінің болмауы COVID-19 кезеңінде шағын және орта бизнестің экономикалық көрсеткіштеріне айтарлықтай зиян келтірді. Импортталатын материалдарды жеткізудің және өзге де сатып алудың кешігуі мемлекеттік келісімшарттар мерзімінің бұзылуына және соның салдарынан бірқатар кәсіпкердің жосықсыз өнім беруші тізіліміне ену қаупіне алып келді», – деп атап өтті спикер.

Жалпы, Ұлттық палатада мамандары мемлекеттік сатып алу туралы жаңа заңды әзірлеудің прогрессивті тәсілдерін атап өтті. Атап айтқанда, деректер базасын салық комитетімен үндестіру сыбайлас жемқорлық, көлеңкелі экономикамен толық көлемде күресуге мүмкіндік береді және қызметтер көрсету, жұмыстарды орындау және тауарларды жеткізу сапасын арттырады.

 

 


Еншілес ұйымдар

Серіктестер