ҰКП қытайлық бизнеспен ынтымақтастықты дамыту және Қазақстанға инвестиция тарту мәселелеріне баса назар бөледі
Бейжіңде «Атамекен» ҰКП делегациясы түрлі саладағы кәсіпорындарды аралады.
Қытай сауда, инвестициялар, технологиялар трансферті және басқа да салаларда қазақстандық бизнестің ең ірі іскер серіктестерінің бірі.
«Атамекен» ҰКП отандық бизнестің Қытай кәсіпорындарымен тығыз ынтымақтастығын жолға қоюға ықпал етеді, қазақстандық компаниялардың Қытай ұсына алатын тауарлар мен қызметтерге деген қажеттіліктерін айқындап, қанағаттандыруға көмектеседі.
ҚР Мемлекеттік кірістер комитетінің деректеріне сәйкес, қос ел арасындағы сауда айналымы 2022 жылы 2021 жылмен салыстырғанда 34%-ға ұлғайды. Экспорт 13,2 млрд доллар, ал импорт 10,9 млрд долларды құрады.
Қытайдан Қазақстанға инвестициялар ағыны тұрақты түрде жоғары деңгейде. 2022 жылдың қорытындысы бойынша Қазақстанға қытай инвестицияларының көлемі 1,4 млрд долларын құрады, бұл Қазақстанға шетелдік инвестициялардың жиынтық көлемінің 5%-ын құрайды.
Сонымен қатар, ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың Қытайға ресми сапарынан кейін осы жылдың мамыр-маусым аралығында өткен Қытайдың бизнес-қоғамдастығы өкілдерінің ірі қазақстандық компаниялармен кездесулерін атап өтуге болады.
Қытайлық және қазақстандық компаниялар арасындағы кездесулердің қорытындысы бойынша одан әрі ынтымақтастық жөнінде уағдаластықтарға қол жеткізіліп бірлескен жобаларды іске асыру бойынша мүмкіндіктер қаралды.
«Атамекен» ҰКП қытайлық бизнеспен ынтымақтастықты дамыту және Қазақстанға инвестиция тарту мәселелеріне көңіл бөліп келеді.
Ынтымақтастықтың маңызды бағыттарының бірі – ҚХР өнеркәсіп және сауда конфедерациясына сапар және Конфедерация төрағасының бірінші орынбасары Ан Лицзя мырзамен кездесу болды.Қазақстандық делегация басшысы, «Атамекен» ҰКП басқарма төрағасының бірінші орынбасары Мақсат Қиқымов атап өткендей, қытайлық және қазақстандық компаниялар біздің уағдаластықтарымыздың арқасында екі елдің нарықтарына өзара шығу үшін жаңа мүмкіндіктер аша алады.
«Бүкілқытайлық өнеркәсіп және сауда федерациясының да «Атамекен» ҰКП сияқты барлық өңірде филиалдары бар. Осылайша, Федерациямен ынтымақтаса отырып, ҰКП отандық және қытайлық бизнеске байланыс орнату бойынша жәрдем көрсете алады, соның арқасында қазақстандық кәсіпкерлер Қытайдан нақты инвестициялық серіктестер тауып, перспективалы жобаларды бірлесіп іске асыра алады», – деді Мақсат Қиқымов.
Қазақстандық бизнесмендер «China ENFI Engineering Technology» (ENFI), «China Metallurgical Engineering & Project Corporation» (MEPC), «China National Chemical Engineering» (CNCEC), China CAMC Engineering Co., Ltd. (CAMCE), Қытайдағы ең ірі SINOMACH машина жасау холдингінің құрамына кіретін BMHRI және CIPPR ғылыми-зерттеу және жобалау мекемелеріне барды.
Сондай-ақ ҚХР-ның реформалар жөніндегі мемлекеттік комитетінің басшылығымен жұмыс істейтін Қытайдың инвестицияларды ілгерілету жөніндегі агенттігі CODA компаниясының бірінші басшысы Цянь Цинлин мырзамен кездесті. Кездесу аясында ҰКП мен CODA арасындағы ынтымақтастық туралы келісімге қол қою мүмкіндігі талқыланды. Бұл ретте, CODA қызметі қытайлық компаниялардың шетелдегі инвестицияларын қолдауға бағытталған.
Сонымен қатар, 2023 жылдың маусымында өткен Астана экономикалық форумында Қытай делегациясын басқарған Хан мырзамен кездесу өтті.
«Қазақстан мен Қытай бірлескен өзара тиімді ынтымақтастық үшін зор әлеуетке ие. Біз көптеген салады серіктестігіміздің табысты болатынына сенімдіміз. Біз қытайлық кәсіпкерлер мен инвесторларды елімізде қарсы алуға қуаныштымыз және Палата тарапынан бірлескен жобаларды табысты іске асыру үшін оларға толық қолдау көрсетуге кепілдік береміз», – деп қорытындылады Мақсат Қиқымов.
Пікір қалдыру:
Пікірлер: