astana-view

ҰКП мамандары Еуроодақ енгізген санкциялардың 11-пакетіне қатысты пікір білдірді

2023 жылғы 10 Шілде
7113 просмотров

Еуропалық Одақтың 11-ші санкциялар пакетіне кіретін шаралардың бірі  – Ресей Федерациясының аумағында тіркелген тіркемелер мен жартылай тіркемелерді ЕО-ға кіргізуге тыйым салу болды.

«Атамекен» ҰКП басқарма төрағасының орынбасары Мұрат Амрин енгізілген шара отандық автомобиль тасымалдарына оң әсерін тигізеді деп санайды. Атап айтқанда, қазақстандық тасымалдаушылар тасымалдайтын жүк көлемі ұлғаяды, өйткені Еуроодақта ресейлік жартылай тіркемелерді пайдалану тоқтатылады. ЕО-дан Орта Азия бағытында жүкті қайта тиеу және қайта тіркеусіз тікелей тасымалдауға бәсекелестік төмендейді.

Сонымен қатар ҰКП мамандары отандық тасымалдаушыларда туындауы мүмкін тәуекелдер де атап өтті. Қазақстанға ресейлік және беларусь көлік құралдарының ағыны артуы ықтимал.

«Қазір санкцияларды Қазақстанға көлік компанияларды орналастыру жолымен айналып өтіп, сол арқылы отандық тасымалдаушыларды нарықтан ығыстырып шығудың қосымша тәуекелдері бар. Мысалы, егер 2021 жылдың қорытындысын алсақ, рұқсат бланкілерін қолдана отырып, халықаралық тасымалдарда 1 мыңға жуық компания тіркелген болса, 2022 жылдың қорытындысы бойынша бұл сан шамамен 2,6 мың компанияны құрады», – деді Мұрат Амрин.

 Спикер 2023 жылдың ақпанынан бастап халықаралық тасымалдарды жүзеге асыруға рұқсат берудің жаңа қағидалары бекітілгенін айтты. Оған сәйкес рұқсат беру талаптары, сондай-ақ халықаралық тасымалдарды жасауға рұқсат бланкілерін беру қатаңдатылды. Бұл қатаңдату шетелдік және отандық компанияларға да қатысты.

 


Еншілес ұйымдар

Серіктестер