astana-view

Ұлттық палатамен бірлесіп, шетелдік туристердің Қазақстанға кіруіне шектеуді алып тастадық– Әсем Қозбағарова

2023 жылғы 14 Шілде
5954 просмотров

Skyway LTD директоры, туристік сала комитетінің мүшесі Әсем Қозбағарова ел тарихында Алматыдағы алғашқы чартерлік бағдарлама жайында, сондай-ақ жалпы Қазақстанға келу туризмі туралы айтты.

- Бахрейннен алғашқы келу туризмі бағдарламасы туралы толығырақ айтып кетсеңіз?

- Тұтастай алғанда, шетелдік туристер Қазақстанға бұрыннан келеді, олар тұрақты рейстерді пайдаланады. Бірақ биыл біз Қазақстанда туризмді дамытудың жаңа сатысына өттік – Бахрейннен Алматыға чертерлік бағдарлама іске қосылды. Бұл шара туристік саладағы зор жетістік екенін айтқым келеді. Бұл дегеніміз ұшақ ішінде адамдардың барлығы – сіздің елге барғысы келетін туристер. Қазақстандықтардың Түркия, Мысыр, БАӘ және басқа да елдерге саяхаттап жүрген турлары секілді.

Неге біз дәл осы бағытты таңдадық? Бізге Бахрейнде жұмыс істейтін серіктестеріміз хабарласты. Біз бірлесіп, осы бағдарламаны әзірлеп, енді Бахрейннен келген туристерді қарсы алып жатырмыз.

28 маусымда Алматы қаласының халықаралық әуежайында алғашқы рейсті қарсы алу салтанатты рәсімі өтті. Ұзақ уақытқа созылған авиациялық дәстүр бойынша Бахрейн астанасы Манамадан келген алғашқы рейсті мерекелік су аркасымен қарсы алдық. Енді рейстер аптасына бір рет тамыз айының соңына дейін жүзеге асырылады. Рейстер SCAT әуекомпаниясының ұшақтарымен орындалады. Бірінші рейсте 186 турист келді, екінші рейс те толы ұшақ.  

– Осы бағдарламаны іске асыруда кедергілер болмады ма? Қандай проблемалар болды, қалай шештіңіз?

– Әрине, ұйымдастыруда қиындықтар болды. Білікті гидтер аз,  нарығымызда мамандар көп емес. Пандемиядан кейін, өкінішке қарай кіру туризмі саласына қалыпқа келуге ұзағырақ уақыт қажет болды. Өйткені Қазақстан өткен жылдың көктемінде ғана шетелдік саяхатшыларға есігін ашты. Салыстыратын болса: көшпелі туризмі 2020 жылы қалпына келтірілді, ішкі туризм де жылдам-ақ оңалды. Ұзақ үзілістен кейін көптеген гид қызметін ауыстырып, басқа салаларда жұмыс істей бастады.

Сонымен қатар, араб елдерінен келген туристер тарапынан Қазақстанға сұраныс өскен кезде барлық инфрақұрылымға жүктеме де өсті. Бұл көлікке, гидтерге және қонақүйлерге де қатысты.

Қазір жаңа қонақүйлер ашылып жатқанына қарамастан, қонақүйлерде тұру проблемалары бар. Біз бұрын шетелдік туристерді қабылдап көрмеген қонақүйлермен жұмыс істейміз. Сонымен қатар, біз жаңа бағдарламалар әзірлеп жатырмыз – өз клиенттерімізге бірнеше қалаға баратын балама турларды ұсынамыз.

- Жаңа жобаларды іске асырғанда қандай қиындықтар болды?

- Жаңа жобалар көп. Туризмді ілгерілетуде «Kazakh Tourism» Ұлттық компаниясы және бюджеті бар туризм басқармаларымен тығыз ынтымақтасамыз.

Ал ұйымдастырушылық және заңнамалық мәселелерді «Атамекен» ҰКП және өңірлік палаталармен бірлесіп шешеміз. Тиісінше, туристік салаға қатысты заңнаманың барлық мәселесін біз әрқашан Ұлттық палатамен бірлесіп талқылап, ілгерілетеміз.

Мәселен, өткен жылы Үкімет деңгейінде Ұлттық палатамен бірлесіп, шетелдік туристердің Қазақстанға кіруіне шектеуді алып тастау туралы мәселені көтердік. Осы мәселеге арналған жеке кеңес өтті. Пандемия кезінде енгізілген ережелерге сәйкес шетелдік туристтің Қазақстанға кіруі үшін ВАК-тың рұқсатын алу қажет болды. Ал мұндай рұқсатты алу өте қиын – кем дегенде бір айға созылды. «Атамекеннің» көмегімен біз бұл шектеуді алып тастайтын уақыт келді деп Үкіметке хабарлай алдық. Бұл мәселе ойдағыдай шешіліп, елімізге туристер ағыны өсе бастады. Қазір көптеген шетелдік турист пен саяхатшылар Қазақстанға еркін келе алады.

«Атамекен» ҰКП мемлекеттік сектордағы компаниялармен жұмыста барынша қолдау көрсетеді. Атап айтқанда, туристік салалардың жекелеген қатысушыларының байланыстын үйлестіру мәселесінде. Мысалы, ішкі туризмнің жазғы бағдарламасы аясында Қазақстан қалаларынан танымал Алакөл курортына туристер үшін көлікті ыңғайлы іске қосу үшін ҚТЖ-мен байланыс орнату мәселесін шештік.

   – Қазақстандағы туризм саласы қаншалықты кіру туризміне бағдарланған?

– Айта кету керек, Қазақстандағы туризм тарихи тұрғыдан бизнеске және іскер туристке көбірек бағытталған және ұзақ уақыт бойы дәл осы бағытта дамып келеді. Барлық қонақүй, бүкіл қызмет осындай қонақтарға қызмет көрсетуге бағытталған. Бұл сәл өзгеше формат.

Енді олар үшін жаңа елге келгісі келетін, оның мәдениеті, табиғаты, тағамдарымен танысқысы келетін туристердің пайда болуымен біз, әрине, бірқатар мәселеге тап болдық.

Атап айтқанда, қонақтарды қонақүйлерге орналастыру мәселесін анықтауға болады. Біздің қонақүйлерде бір үлкен қос төсегі бар екі орынды бөлмелер басым. Бірақ көбінесе туристер балалары бар отбасылармен саяхаттайды – оларға бөлек төсектері бар немесе қосымша бөлме қажет. Өкінішке қарай, қазір барлық қонақүй мұндай орналастыру түрлерін ұсына алмайды.

 Келесі проблема – әрі қарайғы дамытуды қажет ететін инфрақұрылым. Бұған жолдар, дәретханалар, тамақтану пунктері де кіреді... Яғни барлық жерде келушілерге арналған экскурсиялық-туристік қызметтердің толық кешенін таба алмайсыз.

 – Көп жылдық тәжірибесі бар туроператор ретінде елімізге туристер ағыны артуы үшін не істеу керек деп ойлайсыз?

– Туристік ағынды қалай арттыруға болатыны туралы бірнеше жол бар. Соңғы уақытта Қазақстанды халықаралық нарықтарда ілгерілету бойынша көп күш жұмсалды. Әрине, бұл жұмысты жалғастыру керек. Біз туралы көбірек білу үшін кей жерде маркетингті тіпті күшейте түсу керек.  Өкінішке қарай, көптеген елде Қазақстанды туристік дестинация ретінде әлі білмейді. Екінші мәселе – мемлекет тарапынан инфрақұрылымдық жобаларға инвестиция салынуы керек.

- Шетелдік туристердің қажеттілігін зерделеген боларсыз: оларға қандай бағыттар қызық болар еді?

– Біздің туристік бағдарламамыз 90%-ға тұрақты. Мұнда түрлі елдерден шетелдік туристер бар екенін ескеру және ажырату маңызды, сәйкесінше олардың сұраныстары да әртүрлі. Араб елдерінен келген туристер біздің табиғи жерлерімізді жақсы көреді, ал Қытайдан келген туристер тарихымыз бен мәдениетімізге көбірек қызығушылық танытып, қалаларымызға, мұражайларымыз бен көрмелерімізге көбірек барады. Әрбір саяхатшының өз қалауы бар және біз оларға сәйкес бағдарламаларды дайындаймыз.

Мәселен, араб елдерінің туристері Алматы қаласы мен Алматы өңіріне, оның ұлттық парктеріне баруды жөн көреді, Іле-Алатау паркі мен Көлсайды өте жақсы көреді.

Жалпы Қазақстанда туристер өте ұнайды деп сеніммен айта аламын.  Олардың көпшілігі тағы да оралуға ниет білдіріп жатады. Біз қайта оралған туристердің саны артып келе жатқанын көреміз: олар ескі аумақтарға да барады және өздері үшін жаңа орындарды ашады. Қонақтарға елімізде жайлы, оларға бәрі ұнайды – табиғатымыз, климатымыз, экскурсиялық орындар, ұлттық тағамдар.

Сонымен қатар, туристік топтардың құрамы да бір-бірінен ерекшеленеді. Егер сіз елдер бойынша қарасақ, араб елдерінен туристер отбасылармен келеді. Қытайдан келген саяхатшылар болса, олардың арасында егде жастағы адамдар көп. Егер Үндістаннан бұрын демалу бағдарламаларымен және әртүрлі конференцияларға қатысу үшін келген майс-туристері көп болса, қазір олардың құрамы өзгерді – отбасылық туристер көбейіп келеді.

– Алдағы жоспарлар қандай? Жақын арада қандай жаңашылдықтар болады?

– Жоспар көп.  Қазір біз іске қосқан чартерлік бағдарлама жыл бойы жұмыс істейтініне қол жеткізу үшін жұмыс істеп жатырмыз. Біз серіктестермен кеңесіп, келісеміз, оны қалай сәтті жүзеге асыруға болады. Сондай-ақ, біз қазір бізге әлі белсенді келмейтін басқа елдерден шетелдік туристерді тарту үшін жұмыс істеп жатырмыз. Сондай-ақ Еуропа мен Оңтүстік-Шығыс Азиядан көбірек туристерді қабылдау және ынтымақтастық орнату жоспарланған. Әрине, туристер бізге сол жерден келді, бірақ бұл ағынды әлі де арттыруға болады және біз осы бағытта жұмыс істеп жатырмыз.

– Компания туралы айтып беріңізші. Туристік салада қанша уақыт жұмыс істеп жатыр? Сіз қандай қызметтерді ұсынасыз?

– Туристік салада мен 15 жылдан астам уақыт жұмыс істедім, әртүрлі бағыттармен айналыстым: көшпелі, ішкі және кіру туризмі. Skyway LTD компаниясы нарықта 2016 жылдан бері жұмыс істейді, біз тек ішкі және кіру туризмімен айналысамыз.

Қазір компанияның кеңсесінде 20-ға жуық адам жұмыс істейді. Пандемияға дейін тұрақты штат 50 қызметкерді құрағанын және ЭКСПО сияқты ауқымды жобалар кезінде штат 300 адамға дейін кеңейгенін атап өткім келеді. Бұл, әдетте, қанша топ келетініне байланысты бөлек жалдайтын гидтер мен көлік жүргізушілерін қоспағандағы адам саны. Қазір аптасына орта есеппен 50-ге жуық топты қабылдаймыз, туристердің осындай ағынына кем дегенде 50 гид пен жүргізуші жұмылдырылған.


Еншілес ұйымдар

Серіктестер