astana-view

Павлодар облысында аурухана 3 жыл бойы кәсіпкерлерге мемлекеттік сатып алу аясында кепілдік жарнасын қайтармай келген

2023 жылғы 15 Шілде
- Павлодар облысы
4460 просмотров

«Атамекен» ҰКП Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметпен бірлесіп, «Бизнеске жол» жобасын іске асырып жатыр. ҰКП мен Антикор жоба шеңберінде кәсіпкерлер үшін сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін анықтау және әкімшілік кедергілерді жою бойынша жұмыс жүргізіп келеді. Мәселен, Павлодар облысында қысқа мерзімде ондаған кәсіпкердің құқығы қорғалды.

Мемлекеттік сатып алу порталын зерделеу барысында көптеген бұзушылық анықталды. Май ауданының ауруханасы 2020 жылдан бастап кәсіпкерлерге мемлекеттік сатып алу туралы шартты қамтамасыз ету шеңберінде енгізілген 3% мөлшерінде кепілдік жарнаны қайтармай келген. Бұл ретте, «Мемлекеттік сатып алу туралы» заңның 43-бабының 12-тармағына сәйкес тапсырыс беруші мемлекеттік сатып алу туралы шарттың орындалуын енгізілген қамтамасыз етуді өнім беруші өз міндеттемелерін толық және тиісінше орындаған күннен бастап бес жұмыс күні ішінде қайтарады.

Тапсырыс берушінің атына мемлекеттік сатып алу туралы заңнаманы сақтау қажеттілігі туралы хат жолданғаннан кейін кәсіпкерлерге кепілдік жарналар қайтарылды.

Екінші жағдай Павлодар қаласының әкімдігімен байланысты.  Әкімдік «Павлодар» ӘКК арқылы халыққа кейіннен төмен бағамен сату үшін тұрақтандыру қорынан әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларын жеткізетін кәсіпкерлер саны бойынша жасанды жолмен лимит белгіледі.

Аққу ауданының ауылдық сауда нүктелерінің иелері әкімдік осылайша олардың құқығын негізсіз шектеп жатыр деп санайды. Олар әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларын жеткізетін кәсіпкерлерді тізімге енгізуді сұрайды.

Өңірлік палата Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің департаменті, қала әкімдігі және ӘКК-мен бірлесіп кеңес өткізді. Оның қорытындысы бойынша ӘКК-мен шарт жасай алатын кәсіпкерлер саны бойынша жасанды белгіленген шектеу жойылды. Кәсіпкерлердің құқығы қорғалды, кәсіпкерлер осындай субъектілер тізіміне енгізілді.

Сонымен қатар, ӨКП мен Антикордың көмегімен Ақсу қаласында дүкен иесінің құқығы қорғалды. Қаланы абаттандыру кезінде ТКШ бөлімі кәсіпкер дүкенінің алдындағы тұраққа және оған кіретін жолдарға зақым келтірген. Осы келтірілген залалды 3 жыл бойы қалпына келтірмей келген.

Залалды қалпына келтіру туралы өтінішке ТКШ бөлімі кәсіпкерге қаражаттың болмауын алға тартқан. Араласудан кейін әкімдік ақшалай қаражат бөліп, қалпына келтіру жұмыстарын бастады (топырақты тегістеу, қиыршық таспен толтыру, асфальт төсеу).

 


Еншілес ұйымдар

Серіктестер