Алматыда бизнес идеяларды коммерциялау бойынша тегін оқу өтеді
Қазақстандықтар Алматыдағы «Тұран» университетінің базасында бизнес-идеяларды коммерцияландыру бойынша тегін оқуға қатыса алады. Оқу курсы аяқталған соң қатысушыларға грант иесі атынан бизнес-инкубациялау бағдарламасынан өткені туралы сертификат беріледі. Сертификат «QAZINNOVATION» Инновацияларды дамыту жөніндегі ұлттық агенттігі» АҚ-тан технологияларды коммерцияландыруға арналған конкурсқа қатысуға және 20 млн теңгеге дейін грант ұтып алуға мүмкіндік береді.
«Атамекен» ҰКП – жоба серіктестерінің бірі. Ынтымақтастығымыздың мақсаты – кәсіпкерлік мәдениетінің деңгейін арттыру, ШОБ саласында білікті мамандарды дайындау.
Оқу аясында жоғары кәсіби сарапшылардан тренинг өтеді. Бағдарламада келесі оқу модульдері бар: ABC Entrepreneurship, бизнес-жоспар дайындау және өтінім беру, маркетинг зерттеулер, шешендік өнер, фандрайзинг, командалық білім және т. б.
Курс аяқталған соң қатысушыларға бизнес-инкубациялау бағдарламасынан өткені туралы сертификат беріледі. Сертификат «QAZINNOVATION» Инновацияларды дамыту жөніндегі ұлттық агенттігі» АҚ-тан технологияларды коммерцияландыруға арналған конкурсқа қатысуға және 20 млн теңгеге дейін грант ұтып алуға мүмкіндік береді.
Алғашқы топ оқуға 24 шілдеден 8 тамыз аралығында қатысады (орын саны шектеулі).
Екінші топтың оқуы 17 тамыз бен 4 қазан аралығында өтеді (орын саны шектеулі).
Тіркелу: https://forms.gle/jiB7fXF64dgHhcfb8
Өтетін орны: «Тұран» университеті, Алматы қаласы Сәтбаев көшесі 16А
Байланыс: +7 777 233 6955 Айнұр Саурукова, +7 701 227 9211 Гауһар Жамалова
e-mail: sceince@turan-edu.kz
#qazinnovations #стартап #инновация #кәсіпкерлер
Пікір қалдыру:
Пікірлер: