Германияда бизнес-тағылымдамадан «жасыл» технологиялар саласындағы кәсіпкерлер өте алады
«Атамекен» ҰКП шетелдік ұйыммен бірлесіп, Германияда «Іскерлік байланыс» құралы бойынша бизнес-тағылымдамаға қатысуға өтінім қабылдауды бастайды.
Биыл өтінімдер «жасыл» технологиялар саласында жұмыс істейтін кәсіпкерлер арасында қабылданады. Өтінімді 2023 жылғы 24-31 шілде аралығында өңірлік кәсіпкерлер палаталары арқылы офлайн режимде беруге болады.
Қатысушылар Германиядағы «жасыл» технологиялардың өзекті тенденцияларымен танысады. «Жасыл» технологияларға қоршаған ортаны қорғауға және ресурстарды тұтынуды азайтуға қызмет ететін өнімдер, процестер мен қызметтер кіреді.
Қатысушыларға қойылатын талаптар:
- өз қызметін экономиканың жоғарыда көрсетілген секторларында жүзеге асыратын жұмыс істеп тұрған шағын және орта кәсіпкерлік;
- жылдық орташа табысы 10 000 (он мың) айлық есептік көрсеткіштен кем емес;
- келіссөздер жүргізу, басқарушылық шешімдер қабылдауға өкілеттігі бар жоғары буын басшылар;
Компанияарға қойылатын талаптар:
- жаңартылатын көздерден энергия беретін немесе күн батареялары мен модульдері, жел турбиналары, жел электр станцияларын өндіру және орнатуды жоспарлаған компаниялар;
- энергетика секторымен жұмыс істейтін, әсіресе энергия тиімділігіне баса назар аударған консалтингтік компаниялар;
- ағынды суларды басқару саласындағы компаниялар;
- айналмалы экономика, таза өндіріс, эко-дизайн, эко-қаптамаға қызығушылық танытатын компаниялар.
Пікір қалдыру:
Пікірлер: