astana-view

Сөрені отандық тауармен қалай толтыруға болады?

2023 жылғы 27 Шілде
5408 просмотров

 «Атамекен» ҰКП ресми сайтында «Пікір» айдарын іске қосты. Онда біздің спикерлер түрлі мәселелер бойынша өз пікірін білдіреді, болжам жасайды.

Сауда желілері одағы Қазақстанда ұйымдастырылған бөлшек саудадағы негізгі ойыншылардың мүддесіне өкілдік етеді. Сауда одағы басқарма төрағасының орынбасары Ерлан Жайлаубай өз түсініктемесінде нарықтың негізгі ойыншылары – сатушылар ашық бизнес жүргізетінін және салық төлеушілер ретінде мемлекет алдындағы барлық міндеттемесін орындайтынын атап өтті. Ұйымдастырылған сауда шамамен 70 мың жұмыс орнын қамтамасыз етеді.

Супермаркеттердің сөрелері неліктен шетелдік тауарларға толы деген сұраққа түсініктеме бере отырып, спикер «ешкім отандық тауар өндірушілердің қызметіне әдейі кедергі жасамайды» деп жауап берді.

«Шын мәнінде, негізгі стратегиялық міндетіміз – клиенттің қалауын толығымен қамтамасыз ету. Яғни, егер тауар тұтынушылар арасында сұранысқа ие болса, онда ол міндетті түрде сөреде болады», – деді ол.

Ерлан Жайлаубайдың айтуынша, Қазақстанда өндірілмейтін тауарлардың кең желісі бар, сондықтан олар шетелден әкелінеді. Атап айтқанда, тұрмыстық техника, эксклюзивті өнімдер және басқалар.

Қазақстандық тауар азық-түлік өнімдерінде басым.

«Magnum, Small сынды ірі сауда желілерінде орта есеппен 1,5 мың-2 мың жеткізуші бар. Олардың жартысынан көбі қазақстандық. Олар өндірушілер мен дистрибьюторларға бөлінеді. Өнім сегментінде олардың үлесі 50-ден 60%-ға дейін. Ірі желілерде – 700-800 тұрақты отандық өнім жеткізуші бар», – деді Ерлан Жайлаубаев.

 Сарапшы отандық өндірушілер қолға алатын табысты ниша – тұрмыстық химия деп санайды.

 «Бізде тұтынушы тарапынан жөргектерге сұраныс өте жоғары. Мұндай мысалдар көп. Біздің тауар өндірушілер қолға латын нишалар. Әрине, шығынсыз деңгейге шығу үшін тәуекелдерді де бағалау керек», – деді сарапшы.

 Кейде сауда желілеріндегі дискриминацияға шағымданатын қант, май өнімдерін өндірушілерге келетін болсақ, олардың сату көлемі соншалықты жоғары емес. Өйткені олардың негізгі тарату арнасы – базарлар мен дүкендер, дейді ол.

Желі сөрелерінде тауар өндірушілердің өкілдігі туралы сұраққа жауап бере отырып, Одақ төрағасының орынбасары елде сауданы дамыту бағдарламасын қабылдауды қажет деп санайды.

«Осыған байланысты бізде сауда және интеграция министрлігімен түсіністік бар.  «Атамекен» ҰКП-дан біз қолдауды сезінеміз», – дейді Одақ төрағасының орынбасары.

Бұл бағдарлама бірнеше мәселені шеше алады: қазақстандықтарды азық-түлікпен қамтамасыз ету, отандық тауар өндірушілер үшін үлкен мүмкіндіктер беру.

 Спикер Қазақстанда сауда дамуын тежейтін фактор ретінде қаражатыттың жоғары бағасын атады.

«Қаржылындырудың жоғары құны жоспар жасап, дамуға белсенді инвестиция салуға мүмкіндік бермейді. Қазақстандық желілердің ерекшелігі – олар нарықтық жағдайларға екінші деңгейдегі банктерде тартылған жеке қаражатқа құрылған. Соңғы уақытқа дейін мемлекет тарапынан ешқандай қолдау болған жоқ. Жүйелі шара жер учаскелері түрінде жеңілдікті гранттар беру, инфрақұрылым жүргізу болуы мүмкін. Біз бірегей ештеңе ойлап таппаймыз. Қазіргі болмыс осындай», – дейді ол.

 Бұл ретте спикер осыған қарамастан, ретейлерлер өзінің стратегиясын өсу тұрғысынан қарастыратынын атап өтті. Өйткені бүгінде Қазақстанда еліміздің барлық аумағында жұмыс істейтін бірде-бір сауда желісі жоқ.

«Бізде негізінен өңірлік сауда желілері бар. Себебі қалалар арасындағы қашықтық, халықтың тығыздығы төмен. Бұл логистика және тауар қорымен қамтамасыз ету тұрғысынан белгілі бір жүктеме мен шығындарды жүктейді», – деп толықтырды Ердан Жайлаубай.

 «Пікір» айдарындағы тұжырымдар «Атамекен» ҰКП позициясымен сәйкес келмеуі мүмкін.

 

 

 

 

 

 


Еншілес ұйымдар

Серіктестер