astana-view

Кондитерлер тобы оқуын сәтті аяқтады

2023 жылғы 27 Шілде
- Ұлытау облысы
6321 просмотров

 

Ұлытау облысының өңірлік Кәсіпкерлер Палатасы базасында “Кондитерлік іс” бағыты бойынша оқыту аяқталды. Курс қатысушылары кондитерлік салада табысты жұмыс істеуге көмектесетін көптеген тың, әрі пайдалы ақпарат алып, оларға жетістіктерге жетуге сеп болатын білім мен дағдыларға ие болды. Оқыту барысында кондитерлік өнімдерді дайындаудың негізгі технологиялары зерделенді.
 

Кондитерлер курс өте қызық және ауқымды болды дейді. Оқуды аяқтағаны туралы сертификаттарды тапсыра отырып, Ұлытау облысының өңірлік кәсіпкерлер палатасының төрайымы Гүлмира Қаженова мен кондитерлік іс бойынша тәлімгер Гүлжан Табулганова жаңа ілім алушы кондитерлерді құттықтап, сәттілік пен жеңіс тіледі.
 



Еншілес ұйымдар

Серіктестер