Ұлттық парктерді көркейтіп жатқан инвесторларға қолдау қажет – Ұлттық палата
Елімізде туристерді тарту мен жайлы саяхатты ұйымдастру үшін ұлттық паркетердің аумағы абатандырылып жатыр. Бұл жұмыс туристік саланы дамытудың 2019-2025 жылдарға арналған жоспарланған мемлекеттік бағдарламасы шеңберінде жүргізіледі. Туристік объектілердің құрылысы ұлттық парк жанындағы Үйлестіру кеңесінің отырыстарында талқыланады.
Туристердің жайлылығы үшін ұлттық парке басшылығы не істеп жатыр?
Қазақстанда 14 ұлттық парк бар. Олардың жалпы ауданы 2,7 млн гектар. Бұл көлем ел аумағының 1 пайызын құрайды.
Әр парк бірегей. Бірінде тау, қарағайлар мен шыршалар көздің жауын алса, екіншісінде маңғаз шатқалдар, сарқырамалар мен терең өзендер тамсандырады, құмды шөл даласы таңқалдырады. Осы материалда әр паркке жекелей тоқталамыз.
«Сондай - ақ, Экология, Мәдениет министрліктері және «Атамекен» ҰКП бірлесіп, әзірлеген ұлттық парктер аумақтарында экологиялық туризмді дамыту жөніндегі жол картасын іске асырып жатыр. Онда бизнестің түйткілді мәселелері, атап айтқанда цифрландыру, рекреациялық жүктеме және инвесторлардың шығындарын өтеу проблемалары көтеріледі», - деп хабарлады Ұлттық палата мамандары.
Айта кету керек, жыл сайын Қазақстанның ұлттық парктеріне келушілер саны артып келеді. Оған статистика дәлел: 2021 жылы ұлттық парктерге шамамен 1,5 миллион адам келсе, 2022 жылы – 2 миллион адам болды. Туристер Бурабайға жиі барады – 655 000-нан астам адам. Екінші орында – Іле-Алатау (430 044 адам). Топ бестікке Баянауыл (56 200 адам) және Көкшетау (49 045 адам) ұлттық парктері кірді.
Туристерді ұлттық паркетрге тарту және қонақтарға аумақты жайлы ету үшін Қазақстанда туристік саланы дамытудың 2019-2025 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы шеңберінде жыл сайын инфрақұрылым абаттандырылады.
Осылайша табиғи көрікті жерге барғысы келетін туристерге арнап ұлттық парктердің бөлінген учаскелерінде әлеуметтік сипаттағы объектілер құрылады. Соның ішінде таулы соқпақ жолдар, қарау алаңдары, көпірлерді абаттандыру және тұрақ орындарын жайластыру. Сондай-ақ келушілер ұлттық саябақ туралы қажетті ақпаратты ала алатын және өздері үшін демалудың оңтайлы түрін таңдай алуы үшін Іле Алатауда «Аюсай», Шарын мен Алтынемелде визит-орталықтар ашылады. Көкшетау мен Баянауылда да орталықтар жұмыс істеп жатыр.
Осындай туристік орталықтарды салу арқылы саяхатшылар саны артып, жаңа жұмыс орындары ашылады, туризм саласында білікті мамандар артады, кәсіпкерлік дамып, экономика ілгерілейді. ҚР Экология және табиғи ресурстар министрлігінде визит-орталықтар қай жерде салынатыны және туристер үшін инфрақұрылым құрылатыны туралы айтылды.
Алдағы уақытта осындай визит орталықтар Қатон-Қарағай, Бұйратауда, Баянауыл паркінде екінші визит орталығы ашылады. Жоңғар Алатау паркінде мемлекеттік бюджет есебінен құрылыс салу жоспарланған. Ал қалған барлық визит-орталықтар инвестициялар тарту есебінен құрылатын болады. Бұдан басқа, Қарқаралы, Тарбағатай, Ұлытау, Сайрам-Өгем ұлттық парктерінде визит-орталықтар салу жоспарланған. Ал «Көлсай көлдері» паркінде мұндай орталық жоқ, салу да жоспарланбаған.
Сонымен қатар, Қазақстанда басты қағидаттардың бірі – табиғатты қорғау, ластамау. Экология министрлігі өкілдерінің айтуынша, барлық жұмысты инвестор қоршаған ортаға зиян келтірмей жүзеге асырады, ал салынып жатқан конструкциялар экотуризмнің дамуы туралы заманауи экологиялық материалдардан әзірленеді. Сондай-ақ, ведомствода Ұлттық парктер әлі де кез келген қазақстандық үшін қолжетімді орын болатынын атап өтті. Туристік орталық пен соқпақтар тегін
Министрлік мамандарының айтуынша, экологиялық туризмді дамыту, ең алдымен, туристер санын реттеу, табиғаттағы биоәртүрлілікке зиян келтірмеу, туристерді баратын жерлер туралы хабардар ету, қатты тұрмыстық қалдықтардың пайда болуын азайту, туризмді дамытудан пайда алу үшін жергілікті тұрғындарды тартуды көздейді.
Сонымен қатар, 2022 жылы ерекше қорғалатын табиғи аумақтарда 44 құқық бұзушы анықталды. Олар қылмыстық жауапкершілікке тартылды, 655 адамға 640 млн теңге айыппұл салынды.
Қазақстанда құқық бұзушылықтарды алдын алу және табиғи ресурстарды сақтау үшін қылмыстық және әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодекстерге өзгерістер мен толықтырулар енгізілді. Заңсыз шөп шабу мен мал жаю, ормандардың қалдықтармен ластануы, ерекше қорғалатын табиғи аумақтарда болу тәртібін бұзу бойынша айыппұлдар мөлшері ұлғайтылды. Мемлекеттік ұлттық табиғи парктердің аумағына автокөліктің кіруі үшін ақы алуды көздейтін ҚР Салық кодексіне өзгерістер енгізілді.
Қазіргі уақытта Экология және табиғи ресурстар министрлігі сыбайлас жемқорлық тәуекелдерінің туындауын болдырмау үшін ұлттық парктерге кіре берісте бақылау-өткізу пункттерінің жұмысын автоматтандыру бойынша іс-шаралар жүргізуде.
2022 жылы «Көлсай көлдері» ұлттық паркі өз қаражаты есебінен 21 млн теңге сомасына «Көлсай» бекеті автоматтандырылды. Сондай-ақ төлемдерді қабылдаудың интеграцияланған жүйесі және ұлттық паркке баруды алдын ала жоспарлаумен туристік ағын мониторингі бойынша ақпаратты шоғырландыру үшін ресми жаңа сайт әзірленді.
Биыл Шарын, Іле-Алатау, Баянал және Сайрам-Өгем парктері өз қаражаты есебінен автоматтандыру жоспарлап отыр.
Барлық ұлттық парктің сайттарында онлайн төлем жүргізу үшін банктің QR кодтары орналастырылғанына қарамастан, кейбір ұлттық парктердің аумақтарында банктердің төлем қызметтеріне қосуда проблемалар бар (kaspi.kz, Homebank) келушілердің онлайн кіру билеттерін атып алуда қиындықтарға тап болады. Бұл мәселелерді шешу бойынша жұмыс жүргізілуде.
Министрлікте сондай-ақ жақын арада ұлттық парктердің аумақтарына инженерлік инфрақұрылымды жеткізу туралы айтылды.
Мәселен, Экология министрлігі Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігі және Алматы облысының әкімдігімен бірлесіп, Алматы облысының мемлекеттік ұлттық табиғи парктеріне инженерлік инфрақұрылымды жүргізу жөніндегі жол картасын әзірлеп, бекітті.
Жол картасы шеңберінде биыл «Көлсай көлдері» ұлттық паркінде инфрақұрылым құрылатын болады: «Саты-Құрметы» автожолына Саты ауылынан Қайыңды көліне дейін 7 км. Ұзындығы 12 км күрделі жөндеу, сондай-ақ Саты ауылында электр беру желісі жүргізілетін болады.
Шарын ұлттық паркіне Алматы–Шоңжы тас жолынан автожол салынып, инвестор есебінен Алматы–Шоңжы тас жолымен шарын каньонына дейін электр беру желілері жүргізіледі.
«Алтынемел МҰТП бойынша Шеңгелді автожолы мен Қапшағай ауылы жөнделуде. Сарыбұлақ ауылынан «Алтынмел» паркіне дейін №1 БӨП-не дейінгі қиыршық тас жол жөндеу жұмыстары аяқталды. Сондай-ақ, инвестор есебінен Кербұлақ ауылынан «Алтынемел» МҰТП № 1 БӨП-не дейін электр беру желілері жүргізілді.
Бұдан басқа, БҰҰДБ-мен бірлесіп атонқарағай МҰТП «Орман жолдары», «Саты ауылы – Саты шатқалы» МҰТП «Көлсай көлдері» және Сайрам-Өгем МҰТП «Сайрамсу көлі» 3 турмаршруты жабдықталды.
Сайрам-Өгем ұлттық паркінде Коксайық ауылынан интернет ұлттық парктің өз қаражаты есебінен өткізілді.
Сондай-ақ, Павлодар облысы әкімдігінің жергілікті бюджеті есебінен Баянауыл МҰТП аумағына электр беру желілері салынды.
Барлық мемлекеттік ұлттық парктер туристік маршруттар мен соқпақ жолдарды жайластыру жұмыстарын бастады. Іле-Алатау ұлттық паркінің «Көкжайлау» турмаршруты демеушілік қаражат есебінен жайластырылды, Көлсай ұлттық паркінде атпен жүретін маршруттан жаяу маршрутты бөлу бойынша жұмыстар жүргізілді.
Пікір қалдыру:
Пікірлер: