Ауғанстанда Қазақстанның сауда үйін ашу ұсынылды
«Атамекен» Ұлттық кәсіпкерлер палатасы Ауғанстанда «Қазақстанның сауда үйін» ашуды жоспарлап отыр. Сауда үйінде қазақстандық өнімдер ұсынылады. Бұл туралы Қазақстан-Ауғанстан бизнес-форумы барысында «Атамекен» ҰКП Төралқа төрағасы Райымбек Баталов мәлімдеді.
Қазақстан Ауғанстанды Оңтүстік және Орта Азия өңіріндегі бизнес саласында өзара іс-қимылдың маңызды және ажырамас қатысушысы ретінде қарастырады. Райымбек Баталов Қазақстан мен Ауғанстанда екіжақты форматта да, бүкіл өңір ауқымында да сауда саласындағы ынтымақтастықты дамыту үшін кең әлеуеттің барына сенім білдірді.
«Өткен жылы өзара тауар айналымы айтарлықтай өсіп, 1 млрд долларға жақындады. Бұл динамика осы оң динамиканы сақтап, арттырудың маңызын айқын көрсетеді. Осы бағыттағы практикалық қадам ретінде Ауғанстанда «Қазақстанның сауда үйін» ашу көзделген. Қазақстанның сыртқы сауда палатасының өкілі ретінде Арман Есентаев тағайындалады. Сауда үйі Гератта ашылады. Бұл өңір кездейсоқ таңдалған жоқ. Өйткені ол Ауғанстанның батысы мен оңтүстігінде Иран, Пәкістан және Түрікменстанды байланыстырып тұрған хаб істептті», – деді Ұлттық палата басшысы.
Сонымен қатар, Райымбек Баталов Қазақстанның батысынан Түркіменстан арқылы Иранға дейінгі қолданыстағы теміржол қатынасының барын атап өтті. Онда Ауғанстан бүкіл өңір ауқымында осы логистикалық маршруттың әлеуетін дамытуда маңызды рөл атқара алады.
Палата басшысы тақырыпты жалғастыра отырып, Қазақстанның батысы мен Ауғанстанның батысы арасындағы сауда және логистикалық байланыстарды мақсатты дамыту мүмкіндіктерін, яғни «West to West» (W2W) форматында қарастыруды ұсынды. Екі ел – Ауғанстанның сауда-өнеркәсіп палатасы мен Қазақстан өкілінің өзара іс-қимылын дамытуға серпін беретін нақты қадам ретінде осы жылдың өзінде-ақ сауда делегацияларын бірлесіп пысықтауға және алмасуды жүзеге асыруға кірісу ұсынылды.
Сонымен қатар, Райымбек Баталов Қазақстанның бизнесмендеріне Ауғанстандағы Герат қаласында қазақстандық өнімдер мен қызметтердің көрме залын ашу туралы практикалық ұсыныспен жүгінді. Көрме залы негізінде тұрақты жұмыс істейтін диалог алаңы ұйымдастырылады. Ұлттық палата қазақстандық кәсіпкерлерді осы жобаға қатысуға шақырады.
«Осыдан кейін біз ауған өндірушілерімен бірлесіп, осындай жобаға кірісуге және елімізде Қазақстан-Ауғанстан сауда үйін, оның ішінде ауған өнімдерінің тұрақты жұмыс істейтін көрме залын ашуға дайынбыз. Энергетика саласындағы елдеріміз арасындағы сауданы дамыту әлеуетін бөлек атап өтейік. Осы бағыт бойынша алғашқы келіссөздер басталды. Мемлекеттер арасындағы саудада банк секторы ерекше маңызды рөл атқаруы керек, оның тікелей қатысуынсыз жоғары нәтижелерге қол жеткізу өте қиын. Осыған байланысты екі елдің банктерін бүгінгі іс - шараның мүмкіндіктерін құрылымды диалог пен ынтымақтастық туралы уағдаластықтарға қол жеткізу үшін пайдалануға шақырғым келді», – деп түйіндеді Райымбек Баталов.
Пікір қалдыру:
Пікірлер: