astana-view

Ұлттық палата азаматтық істер бойынша эксаумақтылықты енгізуді ұсынды

2023 жылғы 12 Тамыз
5646 просмотров

«Атамекен» ҰКП мамандары апелляция үшін азаматтық істер бойынша эксаумақтылықты автомат түрде анықтауды бекітуді ұсынды. Бұл түзету Мемлекет басшысының тапсырмасы бойынша жүргізіліп жатқан сот реформасы аясында ұсынылып отыр. ҰКП мамандары мұндай шара шешім қабылдау кезінде бірінші сатыдағы судьялардың облыстық соттар тарапынан қысымға тәуелділігін түбегейлі төмендетеді деп санайды. 

«Атамекен» ҰКП басқарма төрағасының орынбасары Ербол Өстеміровтың айтуынша, қазіргі кезде апелляциялық соттардың судьялары бірінші сатыдағы судьялардың қабылданған шешіміне ықпал ете алады.

«Біз бірінші сатыдағы судьяларға қысым жасаудың кез келген мүмкіндігін жою үшін эксаумақтылықты енгізуді ұсынып отырмыз. Бұған бизнес-қоғамдастық өкілдері де дайын деп санаймыз. Нақты мысалдар бар.  Алматы облысының кәсіпкері сот ісін жауапкердің тұрғылықты жері және дауға іліккен жер учаскесі орналасқан Жетісу облысының соты қарағанын өтінген. Алайда Жетісу облысының соты кәсіпкер өтінішін кері қайтарған», – деді Ербол Өстеміров.

Ұлттық палата өкілі Жоғарғы сот эксаумақтылықты енгізу жөніндегі ұсынысты қолдайтынын атап өтті. Алайда оны кезең-кезеңімен енгізуді ұсынып отыр:  алдымен мемлекеттік органның қатысуы бар істерді қарау керек.

Сонымен қатар, Палата барлық азаматтық іс бойынша апелляциялық сатыға эксаумақтылықты енгізуді ұсынды.

«Біздің ойымызша, бұл шара судьялардың шешім қабылдаудағы облыстық және оларға теңестірілген соттардың қысымына тәуелділігін түбегейлі төмендетеді», – деді спикер.

Еске салсақ, сот жүйесін реформалау аясында Ұлттық палата жанынан жұмыс тобы құрылды. Оның құрамына бизнес, адвокаттық және заң қоғамдастықтарының өкілдері, ғалымдар мен ардагер судьялар кірді. Олардың барлығы сот жүйесін одан әрі жаңғырту бойынша ұсыныстар әзірлеумен айналысады.


Еншілес ұйымдар

Серіктестер