astana-view

ЕАЭО цифрлық күн тәртібі қалай іске асып жатыр?

2023 жылғы 17 Тамыз
4620 просмотров

ЕАЭО Іскерлік кеңесі жанынан жеткізілім тізбегін цифрландыру және өндірісті цифрлық қамтамасыз ету жөніндегі екіжақты бірлескен жұмыс топтары құрылуы мүмкін.

 Бұл бастаманы «Атамекен» Ұлттық палатасының алаңында ЕАЭО Іскерлік кеңесінің ЕАЭО цифрлық күн тәртібі жөніндегі комитетінің төрағасы Владимир Басько көтерді. Оның пікірінше, бұл шара тауарлардың еркін қозғалысын іске асыруға жәрдемдеседі және, атап айтқанда, бизнестің қажеттілігіне бағдарланған ЕАЭО тауарларының интеграцияланған цифрлық каталогын құруды жеделдетеді.

«Өкінішке қарай, біз Комитет ретінде айтарлықтай нәтижеге қол жеткіздік деп айта алмаймыз. Сондықтан мен ЕАЭО цифрлық күн тәртібін іске асыру және жаңарту шеңберінде жобаларды іске асыруда қолданып жатқан тәсілдерімізді қайта қарауды ұсынамын. Осылайша ЕЭК және Одақтың басқа да органдарының одаққа қатысушы екі немесе одан да көп мемлекеттің бизнесі дайындаған осындай жобаларға басымдық беруін және оларға елеулі қолдау көрсету мүмкіндігін табуын қамтамасыз ету ұсынылады. Қазір Комитетіміз және бірлестіктеріміз үшін басты тақырып  ретінде жеткізу тізбектерінде электрон деректерді алмасудың ұлттық жүйелерін қалыптастыру және тауарлардың ұлттық цифрлық каталогтарын құруды қарастыру ұсынамын», – деді Владимир Басько.

ЕАЭО Іскерлік кеңесінің төрағасы мысал ретінде Беларусьтің жеткізу тізбегіндегі электрондық деректер алмасу жүйесін таныстырды. Бұл жүйенің негізгі элементтері – Беларусь тауарларының ұлттық электрондық каталогы, цифрлық платформалар және халықаралық танылған стандарттар негізінде жұмыс істейтін электрондық деректер алмасу операторлары (EDI-провайдерлер).  

«Атамекен» ҰКП басқарма төрағасының орынбасары Тимур Жаркеновтың айтуынша, жалпы Ұлттық палата бұл шешімді қолдайды. Алайда, оның іске асырылуын нақты бақылау қажет, өйткені кейбір жақсы шешімдер де іске асыру деңгейінде «ақсап» қалып жатады.

 «Мемлекет тарапынан қандай да бір бастаманы енгізу Қазақстан бизнес-қоғамына қатты әсер етеді. Тауарлы таңбалау соған мысал. Осы бағытта түрлі пікір бар. Қолдаушылар да, қарсы болғандар да бар. Қазақстана енгізіліп жатқан тәжірибеде олқылық көп екенін байқап жатырмыз. Сондықтан біз Ұлттық палата ретінде дұрыс іске аспайтын жобаларды енгізуге қарсымыз», – деді Тимур Жаркенов.

Спикер Одақ тауарларының цифрлық каталогы енгізілген жағдайда нақты механизмді пысықтау қажет екенін, өйткені бизнестің оған ресурстары жеткіліксіз болатынын айтты.

Сондай-ақ, жиын барысында қазақстандық тараптан ЕАЭО Іскерлік кеңесі комитеті төрағасының цифрлық күн тәртібі жөніндегі орынбасары лауазымына дауыс беру өтті. Бұл қызметке ЕАЭО Іскерлік кеңесінің ЕАЭО цифрлық күн тәртібі жөніндегі комитеті мүшелерінің бірауыздан шешімімен «Атамекен» ҚР ҰКП басқарма төрағасының орынбасары  Тимур Жаркенов сайланды.


Еншілес ұйымдар

Серіктестер