astana-view

Бірінші жартыжылдықта Ұлттық палатаның қолдауымен ШОБ субъектілері 11 млрд теңгеден астам қаржыландыру алды

2023 жылғы 01 Қыркүйек
6252 просмотров

Осы жылдың бірінші жартысында «Атамекен» ҰКП қолдауымен шағын және орта бизнестің 495 субъекті ашылды. ШОБ субъектілеріне арналған 64 рұқсат құжат алынды, жалпы сомасы 11,3 млрд теңгеге 674 жобаға сүйемелдеу көрсетілді. Жобалар аясында 831 жаңа жұмыс орны құрылды. Жеңген тендерлердің жалпы сомасы 355,7 млн теңгені құрады. Бұл туралы Орталық коммуникациялар қызметі алаңындағы дөңгелек үстел барысында «Атамекен» ҰКП жұмыспен қамту және шағын және әйелдер кәсіпкерлігін дамыту департаментінің басқарушы директоры Айдана Тоғызбаева айтты.

«Атамекен» Ұлттық кәсіпкерлер палатасы кәсіпкерлікті дамытудың 2021-2025 жылдарға арналған ұлттық жобасы шеңберінде ШОБ субъектілері мен жеке тұлғаларға ақпараттық-консультациялық қызметтер кешенін тегін көрсетеді. Мемлекеттік қолдау шаралары, бизнесті ашу, құқықтық мәселелер, сатып алу/конкурстар/тендерлерге қатысу үшін өтінімді ресімдеу және басқа да сұрақтар бойынша кеңес алуға болады. Бүгінгі таңда 11,5 мыңға жуық ШОБ субъекті мен жеке тұлғалар үшін 98 мыңнан астам қызмет көрсетілді.

   «Палата «Мен кәсіпкер» құралын іске асырып жатыр. Оған Әйелдер кәсіпкерлігін дамыту орталығы және «Кәсіпке бағыт» бағыттары (кәсіпкерлік әлеуетті арттыру мақсатында біліктіктң арттыру және салалық оқу) кіреді. Әйелдер кәсіпкерлігін дамыту орталығы консультациялар; кәсіптік және бизнес-оқуды ұйымдастыру; менторлық; қаржыландыруды тартуда оқыту; «Бір ауыл – бір өнім» жобасы шеңберінде жергілікті шикізаттан өнімді ілгерілету және әзірлеу сияқты 7 қызмет түрін қамтиды. «Бір ауыл – бір өнім» жобасының мақсаты – жергілікті өнімнің сапасын арттыру, жергілікті брендтерді құру, маркетинг және нарықтағы өнімнің құндылығын арттыру. Барлық өңірде  «Бір ауыл – бір өнім» өнімдерін ішкі және сыртқы нарықтарға ілгерілету мәселелері бойынша жұмыстар жүргізіліп жатыр», –  деп атап өтті Айдана Тоғызбаева.

 Спикер өңірлерде мал шаруашылығы, балық шаруашылығы, омарташылық, өсімдік шаруашылығы бойынша салалық оқу жүріп жатқанын айтты. Бағдарлама практикалық және теориялық оқудан тұратынын атап өтті. Сондай-ақ жеке консультацияларды қоса алғанда 3 ай  сүйемелдеу жүргізіледі.

 «Осы жылға ең кемі 800 ШОБ субъектіне оқу курстарын жүргізу жоспарланған. 1 тамыздағы жағдай бойынша «Кәсіпке бағыт» құралы аясында 360 ШОБ субъекті оқып шықты. Сұранысы жоғары салалар: етті бағыттағы ірі қара өсіру, сүтті бағыттағы ірі қара өсіру, жылыжай шаруашылығы, ара шаруашылығы, сүтті өңдеу, көкөніс шаруашылығы және бақша шаруашылығы», – деп қорытындылады спикер.

 

 


Еншілес ұйымдар

Серіктестер