СТ-KZ және индустриялық сертификатты қалай алуға болады?
«Атамекен» ҰКП сарапшылары «Astana Hub» IT-стартаптардың халықаралық технопаркі» корпоративтік қорының қатысушыларына түсіндіру семинарын өткізді.
Семинар ұйымдастырушыларының айтуынша, «Astana Hub» IT-стартаптардың халықаралық технопаркі» қатысушыларынан сертификат алуға қатысты көп өтінім түскен. Атап айтқанда, кәсіпкерлер CT-KZ сертификаты мен индустриялық сертификаттың айырмашылығы неде, бағдарламалық қамтамасыз ету қызметіне CT-KZ сертификатын қалай алуға болады және бағдарламалық қамтамасыз ету үшін қандай СЭҚ ТН кодын таңдау керек, Сонымен қатар тауар, жұмыс, қызметтің қандай түріне индустриялық сертфикат берілетінін білгісі келді.
«Атамекен» ҰКП сарапшылары сертификаттарды ресімдеу, беру рәсімі, өтінімді қарау және сертификат алу мерзімдері, бағдарламалық қамтамасыз етуді Сенім білдірілген бағдарламалық қамтамасыз ету мен электрондық өнеркәсіп өнімдерінің тізіліміне енгізу механизмін егжей-тегжей түсіндірді. Осы тізілімді сатып алуда қолданудың артықшылықтарын айтты.
Семинарға қатысушылар өздерін қызықтырған сұрақтарын қойып, оларға толық жауап алды.
Пікір қалдыру:
Пікірлер: