Шахтер күнімен!
Құрметті кеншілер!
«Атамекен» ұлттық кәсіпкерлер палатасы атынан Сіздерді кәсіби мерекеңіз – Шахтер күнімен шын жүректен құттықтаймын! Ерен еңбек, кәсібилік пен қызметке деген адалдығыңыз үшін алғыс білдіремін!
Кеншінің еңбегі – бірінші кезекте зор жауапкершілікті әрі асқан төзімділікті талап ететін құрметті кәсіп. Жер қойнауындағы кенді өндіру үшін аянбай тер төгіп, күн сайын тәуекелге барып, жүздеген метр тереңдікте қазба жұмыстарын жүргізу – нағыз ерлік.
Кеншілеріміздің елдің тау-кен металлургия саласының дамуына қосқан үлесін жоғары бағалаймыз. Еліміздің экономикалық өсуі өнеркәсіптің табысты дамуына байланысты.
Осынау айтулы күні Сіздерге зор денсаулық, отбасыңызға амандық, қызметте табыс, көп жетістік тілеймін!
Құрметпен, Райымбек Баталов
Пікір қалдыру:
Пікірлер: