astana-view

Райымбек Баталов қазақстандықтарды Конституция күнімен құттықтады

2023 жылғы 30 Тамыз
5165 просмотров

Құрметті достар!

Қазақстанның негізгі заңнамасының күні саналатын 30 тамыз – біздің байтақ даламыздың әрбір азаматы үшін мереке. Қазақстанның Ата заңы – еліміздің демократиялық дамуының берік іргетасы.  

Өз елін құрметтейтін әрбір азамат үшін оның құқықтық негіздері, тіпті, «Конституция» деген сөздің өзі зор мәнге ие. Бұл ­– жай ғана адал ниеттің декларациясы емес, шынайы қызмет ететін құжат. Конституция – азаматтардың құқығы мен бостандығын, қуатты мемлекетіміздің егемендігі мен бүтіндігін сақтайтын темірқазық.

Тәуелсіз еліміздің Конституциясы қабылданған күнмен құттықтай отырып, баршаңыздың отбасыларыңызға амандық, құт-береке мен жайлылық тілеймін. Рухтарыңыз асқақ, келешекке деген сенімдеріңіз айқын, жігерлеріңіз қайратты, әрбір бастамаларыңыз ел игілігі үшін жемісті болсын!

Құрметпен, 
«Атамекен» ҚР ҰКП Төралқа төрағасы Райымбек Баталов

 


Еншілес ұйымдар

Серіктестер