astana-view

ЕЭК кеңесінің қорытындысы

2023 жылғы 01 Қыркүйек
3077 просмотров

Мәскеуде Еуразиялық экономикалық комиссия кеңесінің отырысы өтті. Қазақстандық делегацияны ҚР премьер-министрінің орынбасары – Сауда және интеграция министрі Серік Жұманғарин бастап барды. Күн тәртібіне 40-тан астам мәселе қаралды.

Жиын барысында ЕАЭО мемлекеттері үкімет басшыларының орынбасарлары мемлекеттік сатып алуды жүзеге асыру кезінде банктік кепілдіктерді өзара тану туралы келісімге қол қойды. Бұл келісім ЕАЭО-ның ішкі нарығында сатып алуға қатысуға өтінімді қамтамасыз ету және келісімшарттың орындалуын қамтамасыз ету үшін қолға алынды. Сондай-ақ, құжат Одаққа басқа мүше мемлекеттің тапсырыс берушілері өткізген кезде келісімшарттың орындалуын қамтамасыз ету ретінде бір мүше мемлекеттің резидент банктері берген банк кепілдіктерін пайдалану мүмкіндігінің болмауына байланысты шектеуді жою мақсатында әзірленді.

  Бұл ретте Келісімде кепілдіктер беруге құқылы банктерге қойылатын бірқатар талап бар. Сондай-ақ осындай банктердің тізбесін қалыптастыру жөніндегі тәсілдер де айқындалған.

Комиссия Кеңесі тасымалдауды қадағалау кезеңінде навигациялық пломба болуы тиіс электрон құжаттардан алынған мәліметтер құрамын бекітті. Мәселен, мәліметтер құрамына тарифтік емес реттеу, санитариялық, фитосанитариялық және ветеринарлық шаралар, көлік құжаттары және шот-фактуралардан алынған мәліметтер кірді. Навигациялық пломбаларды қолдану тасымалдардың ашықтығын қамтамасыз етуге және бақылау іс-шараларын барынша азайтуға мүмкіндік береді деп күтілуде.

Еуразиялық экономикалық комиссия кеңесінің отырысы барысында Еуразиялық экономикалық одақ мемлекеттерінің зергерлік өнімдерін өндірушілер брендтерін үшінші елдердің нарықтарына ілгерілету туралы ұсынысты мақұлдады.

Сонымен қатар, кілем өнімдерін өндіру үшін матаға импорттық баждар нөлге теңелді. Бұған дейін кедендік әкелу мөлшерлемесі кедендік құнның 8%-ын құраған.

ЕЭК Кеңесінің келесі отырысы 27 қыркүйекте өтеді деп жоспарланған.


Еншілес ұйымдар

Серіктестер