astana-view

Алдағы үш жыл ішінде агроөнеркәсіптегі өңделген өнім үлесін 70 пайызға жеткізу

2023 жылғы 01 Қыркүйек
6996 просмотров

 Мемлекет басшысы Қазақстан халқына жолдауында агроөнеркәсіп кешенінің проблемаларын атап, саланы одан әрі дамыту үшін қажетті шараларды белгіледі.

 Саланың әлеуетін арттыру жөніндегі негізгі міндет ауыл шаруашылығын шикізат секторынан қайта өңдеуге әртараптандыру жөнінде шаралар қабылдау болады, ол үш жыл ішінде АӨК-дегі қайта өңделген өнімнің үлесін 70%-ға дейін жеткізуді көздейді.

 «Ол үшін салық саясатын қайта қарау қажет. Салық саясаты дәл қайта өңдеуді ынталандыруы керек», – деді Мемлекет басшысы.

 Агрономияны трансформациялау, жобаларды қаржыландыру тәсілдері, егінді әртараптандыру жөніндегі міндеттермен қатар, ел Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев су ресурстарының жетіспеушілігіне қатысты өзекті проблеманы атап өтті.

 Биыл әсіресе оңтүстік өңірлер үшін егін науқаны қиынға соқты. Қырғызстаннан берілетін су көлемінің қалыпты жоғары температураға байланысты азаюы Жамбыл облысының фермерлері үшін суармалы судың тапшылығына алып келді. Соның салдарынан төтенше жағдай режимі енгізілді. Алдын ала бағалау бойынша суармалы су тапшылығынан 8,0 мың гектар алқаптан өнім құрап кетті, ал фермерлердің қаржылық шығындары шамамен 3 млрд теңгеге бағаланып отыр.

 Осы мәселені шешуде Мемлекет басшысы трансшекаралық су пайдалану мәселелерін шешу, кадрларды күшейту және өңірлік кооперация стратегиялық маңызды міндеттер екенін атап өтті.

 «Мемлекет азық-түлік импортына тәуелділікті төмендететін дайын өнім өндірісін дамытуға бағытталған және Ұлттық палата бұл ұстанымды қолдайды. Фермерлерді қайта өңдеу кәсіпорындарына шикізат базасын қалыптастыру үшін инфрақұрылым және ресурстар, атап айтқанда су ресурстары, кадрлар және ғылым, техниканы қаржыландырудың қолжетімді бағдарламалары, отандық тұқым материалымен қамтамасыз ету тұтастай алғанда саланы дамытудың негізі», – деп атап өтті «Атамекен» ҰКП басқарма төрағасының орынбасары Ербол Есенеев.


Еншілес ұйымдар

Серіктестер