astana-view

Бизнес-қоғамдастық ҚР Көлік министрлігін құру туралы бастаманы қолдады

2023 жылғы 01 Қыркүйек
5985 просмотров

«Атамекен» Ұлттық кәсіпкерлер палатасында Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың ҚР Көлік министрлігін құру туралы тапсырмасы қолдау тапты.

«Атамекен» ҰКП басқарма төрағасының орынбасары Мұрат Амриннің айтуынша, бизнес-қоғамдастық жаңа министрліктен нақты және жылдам шешімдер күтеді.

 «Қазіргі геосаяси жағдайда бизнес-қоғамдастық салалық министрлік құру қажеттігі туралы мәселені бірнеше рет көтерген. Бизнес Орта Азия өңірінде және ЕАЭО жұмысы аясында қатаң бәсекелестік жағдайында жаңа ведомство тез және нақты шешімдер қабылдайды деп күтеді. Әсіресе мемлекет бизнестен отандық компаниялардың халықаралық нарыққа қатысу үлесін арттыруды күтеді», – деді Мұрат Амрин.

 Еске салсақ, бүгін Мемлекет басшысы Қазақстан халқына жолдауында көлік министрлігін қалпына келтіруді тапсырды. Министрлік жол желісін салумен айналысатын болады.

 «Қазақстан солтүстік пен оңтүстікті, батыс пен шығысты байланыстыратын жаһандық жолайрықта орналасқан. Бұл біздің елімізге зор мүмкіндік беріп отыр. Сондықтан көлік-логистика саласы экономикамызды алға бастайтын басты күштің біріне айналуға тиіс. Белсенді бәсекелестік жағдайында біз осы саланың негізгі мәселелерін жедел шешуіміз керек», – деді Қасым-Жомарт Тоқаев.

 Айта кету керек, қазіргі кезде көлік кешенін дамыту мемлекеттің экономикалық саясатының басым міндеттерінің бірі. Бүкіл экономикалық жүйенің толыққанды жұмыс істеуі, Қазақстанның әлемдік экономикаға табысты кірігуі, елдің тұрақты әлеуметтік-экономикалық жағдайы көлік саласының тиімді дамуына байланысты.

 


Еншілес ұйымдар

Серіктестер