Ел Президенті жолдауында ауыр машина жасау саласына басымдық берді
Қазақстан машина жасаушылар одағының басқарма мүшесі Павел Беклемишев егер машина жасау салысы салықтан босатылса, нәтижесі айтарлықтай болуы мүмкін деп санайды.
Расымен де Мемлекет басшысының жаңа жолдауы елдің экономикалық дамуы үшін түбегейлі өзгерістер енгізбек.
«Мен Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың жолдауын халық шаруашылығымызды елеулі экономикалық қайта құру мақсатында бірге жұмыс істеуіміз қажет негізгі бағыттар ретінде қабылдадым. Президент ЖІӨ-нің 7-9%-ға өсуін қамтамасыз ете отырып, ел экономикасының айтарлықтай өсуіне қол жеткізу мақсатын алға қойды», - деді Қазақстан машина жасаушылар одағының басқарма мүшесі Павел Беклемишев.
Спикер оған Президент жолдаудың басынан бастап өңдеу өнеркәсібі, машина жасауды дамыту туралы айтқаны және оның үстіне ауыр машина жасауға баса назар аударғаны өте маңызды екенін атап өтті.
«Өкінішке қарай қазір ауыр машина жасау саласында жағдай мәз емес. Бастапқыда Қазақстанда ауыр машина жасау саласында зор әлеует болды, бұл экономикамыздың құрылыма байланысты. Атап айтқанда, тау-кен металлургия кешені, мұнай-газ өнеркәсібі, энергетикалық машина жасауға арналған жабдық. Ол туралы Мемлекет басшысы жеке айтты. Жоғарыда айтылғандардың бәрі ауыр машина жасауға қатысты. Мұның бәрі елімізде болды, жоғалтып алдық. Енді Президент ауыр машина жасауды жандандыру міндетін қойды», – дейді сарапшы.
«Президент бұл ретте біз отандық тауар өндірушілерді қолдау және қорғау механизмдерін пайдалануымыз керегін айтты. Мұны ақылға қонымды протекционизммен жасауды ұсынды», – деп қосты Павел Беклемишев.
Қазір әлемнің көптеген елі, соның ішінде дамыған елдер өз өндірушілерін қорғау шараларын белсенді қолданып жатыр.
«Президент бізге де осы жолмен жүріп, біз бұрыннан білетін, бірақ іс жүзінде жұмыс істемейтін механизмдерді тиімді пайдалануға шақырды. Мысалы, оффтейк-келісімшарттар, мемлекет тарапынан да, коммерциялық банктер арқылы да жаңа инновациялық өнімді жеңілдікпен қаржыландыру», – деп атап өтті спикер.
Машина жасау өнімдері қорғаныс-өнеркәсіп кешені, ЖЭК объектілері және жылу энергетикасының қажеттіліктерін де қамтамасыз етеді. Мұның бәрі елеулі техниканы талап етеді және оның көп бөлігін Қазақстанда өндіруге болады.
Сондай-ақ, Павел Беклемишев тағы бір маңызды аспектіні атап өтті.
«Президент салық төлемі жоқ жерде бұл салықтардан бас тарту керек деді. Менің ойымша, бүгінде машина жасау, егер ол қандай да бір салық түсімдерін әкелсе, онда олардың саны аз, ал егер машина жасауды салықтан босатса, нәтиже айтарлықтай болуы мүмкін. Мұндай инновациялар біздің экономикамыз үшін өте маңызды және қажет», – дейді сарапшы.
Фото: http://gov.kz
Пікір қалдыру:
Пікірлер: