astana-view

Қазақстандық ритейлшілер Мәскеуде әлемдік өндірушілермен тікелей келіссөздер өткізеді

2023 жылғы 04 Қыркүйек
7382 просмотров

19-20 қыркүйек аралығында Мәскеуде ірі азық-түлік көрмелерінің бірінде Сауда әлемі Халықаралық сатып алу орталығы аясында Қазақстан бөлшек саудагерлері мен әлемдік өндірушілер арасында тікелей екіжақты келіссөздер ұйымдастырылады.

Қазақстандық сауда нарығы үшін бұл бастама серіктестермен іскерлік байланыстар орнатуға және азық-түліктің ірі жеткізушілерімен келісімшарттар жасасуға бағытталған. Келіссөздерге әлемнің 30 елінен, оның ішінде Қытай, Түркия, Корея, Италия, БАӘ, Мексика, Сауд Арабиясы, Өзбекстан, Түрікменстан, Қазақстан, Ресей және басқа елдерден мыңға жуық өндіруші, сондай-ақ Қазақстан, Грузия, Өзбекстан, Қырғызстан, Армения, Әзербайжан, Беларус, Тәжікстан, Ресей және басқа елдерден ритейлшілер мен дистрибьюторлар қатысады.

Келіссөздер қорытындысы бойынша қазақстандық ритейл-делегация FMCG тауарларын ауқымды сатып алуды жүзеге асыра алады.

Сатып алу орталығына қатысу ритейлшілер мен дистрибьюторларға бірқатар артықшылық береді:

- өнімді келіссөздер жүргізу үшін қолайлы жағдайлар, атап айтқанда дербес жұмыс орны, жеткізушілерді жеке таңдау, ұйымдастырушылар тарапынан дербес менеджердің және қажет болған жағдайда аудармашының болуы, WorldFood Moscow көрмесінде жайлы лаунж-аймаққа кіру, келіссөздерден қол үзбей алаңда тамақтану;

- тек қажетті әлемдік азық-түлік жеткізушілерімен 3 және одан да көп сағат тікелей келіссөздер;

- жетекші сарапшылармен іскерлік бағдарлама және сауда саласының тәжірибесі, тәжірибе және пікір алмасу, нарықта жұмыс істеу бойынша заманауи білім мен озық тәжірибелерін алу;

- бейресми кешкі бағдарлама, ТМД елдерінен келген әріптестер шеңберіндегі жайлы қарым-қатынас.

Сатып алу орталығының ұйымдастырушылары атап өткендей, әлемдік сауданы табысты дамыту үшін әртүрлі елдердің, соның ішінде Қазақстанның сатып алушыларының жеткізушілермен келіссөздер процестеріне қатысуы маңызды.

«Бұл оқиға Қазақстан мен басқа елдер арасындағы әріптестік қатынастардың дамуына және қазақстандық ритейл-сектордың тұрақты өсуіне ықпал етеді. Қазақстандық ритейл-делегацияның қатысуы жаңа өнім берушілерді тауып қана қоймай, өнім ассортиментін кеңейтуге, сондай - ақ болашақ ынтымақтастық үшін құнды байланыстар орнатуға мүмкіндік береді», - деп атап өтті Сатып алу орталығының ұйымдастырушысы Елена Сарғалдақова.

Қазақстандық бөлшек саудагерлер үшін халықаралық сатып алуларға қатысу тауарлардың кең ассортиментіне қол жеткізуге мүмкіндік береді, бұл сауда желілеріндегі өнім желісін байытуға ықпал етеді. Соным ен қоса, халықаралық сатып алу орталығымен ынтымақтастық қазақстандық бөлшек саудагерлерге өз бизнесін әртараптандыруға және халықаралық деңгейге шығуға мүмкіндік береді.

Қазақстандық ритейлшілерді тіркеу жалғасуда. Қазақстандық ритейлшілер үшін халықаралық сатып алу орталығында ритейл-делегацияға қатысу тегін.

Қосымша сұрақтар және бөлшек саудагерлерді тіркеу бойынша хабарласыңыз:  Mob/WhatsApp/Telegram +7 777 125 11 11, e-mail: info@eximexpo.kz.

Тіркелу үшін сайтқа өтіңіз https://eximexpo.kz/konvent-mir-torgovli-worldfood/.

 

 

 


Еншілес ұйымдар

Серіктестер